Өнеркәсiптiк мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 5 желтоқсан N 1488

      Мал шаруашылығы кешендерi мен құс фабрикаларының жұмысын тұрақтандыру, инвестицияларды тарту жолымен оларды экономикалық сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр ай мерзiмде мүлкiнiң тозу дәрежесi 50 проценттен асатын өнеркәсiптiк мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы объектiлерiнiң тiзбесiн айқындасын және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тапсырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жоғарыда аталған объектiлердi (мемлекеттiк мүлiк немесе мемлекеттiк акциялар пакетi) заңды және жеке тұлғаларға өндiрiстi инвестициялау, кредиторлық берешектi өтеу және өндiрiлетiн өнiм көлемiн қалпына келтiру мен жобалық қуатқа дейiн тұрақтандыруға қол жеткiзу шартымен қайтарымсыз беруге белгiленген тәртiппен шарт жасассын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi осы қаулының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1-қаңтарға дейiн хабарласын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады