Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 желтоқсандағы N 1491 Қаулысы. Күші жойылды - Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Көмiр өндiруге байланысты тау-кен өндiрiсiн пайдалануға берiлетiн лицензиялардың сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысының 1-қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      3-шi бағанның, реттiк нөмiрi 5-шi жолы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "көмiр өндiру өндiрiсiн пайдалану";
      3-шi бағанның, реттiк нөмiрi 7-шi жолындағы "өртену қаупi баржәне тау-кен өндiрiстерiн" деген сөздер" (көмiр өндiру өндiрiсiнен басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады