Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Патенттiк ведомствосы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 10 желтоқсан N 1515. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың санын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қазандағы N 3168 U963168_ Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Z952688_ Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес және республиканың бiрыңғай патенттiк жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуi мен дамуы үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттiк ведомствосының негiзiнде Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Патенттiк ведомствосы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Патенттiк ведомствосы:
      өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн (өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi, тауар белгiлерiн, қызмет көрсету белгiлерi мен тауардың шығатын жерiнiң атауын) құқықтық қорғау саласында мемлекеттiк саясат жүргiзудi және өз қызметiн Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң келiсiмi бойынша жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк басқару органы;
      барлық келiсiмдер, мүлiктiк құқықтық қатынастар, мiндеттемелер мен халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының Үкiметi жүктелген патенттiк қызмет саласындағы құқықтар мен мiндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттiк ведомствосының құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Патенттiк ведомствосы 1996 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттiк ведомствосының басқаруындағы негiзгi қорлар мен басқа да мүлiктердi, сондай-ақ қаржылық және материалдық ресурстарды, күрделi қаржыларды өз балансына қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Патенттiк ведомствосын Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн төраға басқарады.
      5. Төрағаға бiр орынбасар ұстауына рұқсат етiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң патенттiк ведомствосының төрағасының лауазымы тұрмыстық қамтамасыз ету, көлiктiк қызмет көрсету және байланыс жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы министрiнiң орынбасары лауазымына теңестiрiлсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Патенттiк ведомствосына Қазақстан Республикасының атынан өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне арналған сақтаулы құжаттарды беру тапсырылсын.
      8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Патенттiк ведомствосы туралы ереже жобасын әзiрлеп, Үкiметке енгiзсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Патенттiк ведомствосы аппаратының штат саны "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға арналған шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1425 P961425_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi бекiткен адам саны есебiнен және шегiнде 20 адам болып бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады