Қазақстан Республикасында 1999 жылы халық санағына әзiрлену, оны жүргiзу және материалдарын өңдеу тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 желтоқсан N 1519

      "Қазақстан Республикасында 1999 жылы Халық санағын жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 3 сәуiрдегi N 389 P950389_ қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасында 1999 жылы Халық санағын ұйымшылдықпен жүргiзу және оның материалдарының есепке толық алынуын, өңделуi мен талдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасында 1999 жылы Халық санағы 24 ақпандағы жағдай бойынша жүргiзiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.12. N 1159 қаулысымен.
               P981159_
      2. Қатынас қиын аудандарда Халық санағы Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген мерзiмдерде жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасында 1999 жылы Халық санағын жүргiзу ұзақтығы әрбiр осындай аудан үшiн жергiлiктi жағдайларды ескере отырып, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге белгiленедi.
      3. Қазақстан Республикасында 1999 жылы Халық санағына әзiрлену, оны жүргiзу және материалдарын өңдеу Тәртiбi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      4. Халық санағының ұйымдық-әдiстемелiк ережелерiн, бағдарламасының жобасы мен оның материалдарын өңдеудiң технологиялық процесiн байқау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi 1997 жылдың ақпан айында Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында байқау Халық санағын жүргiзсiн және 1997 жылдың аяғына дейiн оның қорытындыларын өңдеп, талдауды аяқтасын. Қажет болған жағдайда тәжiрибенiң нәтижелерi бойынша 1999 жылы Халық санағының бағдарламасына түзетулер енгiзiлсiн.
      5. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi 1999 жылы Халық санағы мен 1997 жылы байқау Халық санағын жүргiзуге қатыстырылатын кадрларды мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң қызметкерлерiнен және белгiленген тәртiп бойынша жұмыссыз деп танылған азаматтардан жасақтайтын болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жүргiзетiн 1997 жылы байқау Халық санағы мен Қазақстан Республикасында 1999 жылы Халық санағының құрамын белгiленген тәртiп бойынша жұмыссыз деп танылған азаматтарды жасақтау iсiнде мемлекеттік статистика органдарына жәрдемдессiн.
      7. 1999 жылы Халық санағы мен 1997 жылы байқау Халық санағына әзiрлеу мен оны жүргiзу және материалдарын өңдеуге қатыстырылатын адамдар негiзгi жұмысынан жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталып, мына мерзiмдерге босатылады деп белгiленсiн:
      қалалар мен iрi селолардағы үйлердiң тiзiмдерiн жасайтын тiркеушiлер - 10 жұмыс күнiне;
      қалалар мен селолық жерлердегi есепшiлер бақылап аралап шығуды ескере отырып - 21 жұмыс күнiне;
      нұсқаушы-бақылаушылар қалаларда - 29 жұмыс күнiне, селолық жерлерде - 31 жұмыс күнiне;
      санақ бөлiмiнiң меңгерушiлерi мен олардың көмекшiлерi - 58 жұмыс күнiне;
      аудандық (қалалық) статистика бөлiмдерi бастықтарының халық санағы жөнiндегi орынбасарлары - 3,5 айға.
      8. 1999 жылы Халық санағы мен Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы 1997 жылы байқау Халық санағын жүргiзу жөнiндегi жұмыстың бүкiл кезеңiне санақ құрамына қосымша бiр мезгiлдiк төлем төлеу белгiленсiн;
      есепшi мен нұсқаушы-бақылаушыға - бiрыңғай тарифтiк кестенiң 1-разряды тарифтiк кестенiң бiр ширегi мөлшерiнде, санақ бөлiмінiң меңгерушiсi мен оның көмекшiсiне - 1-разряды тарифтiк кестенiң 0,5 мөлшерiнде, аудандық (қалалық) статистика бөлiмi бастығының халық санағы жөнiндеi орынбасарына - 1-разряды тарифтiк кестенiң 1,5 мөлшерiнде.
      Белгiленген тәртiп бойынша жұмыссыз деп танылған азаматтарға санақ өткiзуге қатысқаны үшiн мыналар төленсiн:
      есепшiге - экономика саласының қызметкерлерiне арналған бiрыңғай тарифтiк кестенiң санақ бөлiмiнiң нұсқаушы-бақылаушысы мен меңгерушiсiне - аталған ставкадан 20 процент артық мөлшерде, ал бiр жолғы сыйақы жұмыс iстеушiлерге қандай болса, сондай мөлшерде төленедi.
      9. Қазақстан Республикасында 1997 жылы байқау Халық санағына уақтылы әзiрленудi, оны жүргiзудi, материалдарын өңдеудi, талдамалық қорытындылауды және жариялауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiне 1997-2001 жылдардағы кезеңге уақытша қызметкерлердi Қазақстан Республикасындағы Халық санағына байланысты тиiстi жылдарға арналған шығындар үшiн мемлекеттiк бюджетте көзделген жалақы қоры мен қаражат шегiнде Бiрыңғай тарифтiк кесте бойынша әр жылға орай саралап жұмысқа тартуға рұқсат етiлсiн.
      10. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi 1999 жылы Халық санағын уақтылы жүргiзу мақсатында қаржыландыру көздерiн iздестiрiп мына шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн;
      1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн аудандардың қалалардың тiзбелерi мен олардың шекараларын нақтыласын, қалалар мен iрi селоларда көшелердiң аттарын, үйлер мен пәтерлердiң нөмiрлерiн, аншлагтар мен нөмiрлiк белгiлер қоя отырып тәртiпке келтiрсiн;
      1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн қалалардың, iрi селолардың сызбалық жоспарлары мен аудандардың карталарын нақтыласын немесе жасайтын болсын және олармен мемлекеттiк статистика органдарын қажеттi мөлшерде қамтамасыз етсiн.
      1998 жылдың 1 қаңтарына деiн тұрғын үйлер мен қалалардағы басқа құрылыстардың адамдар тұра алатындай үй-жайларындағы халықты дұрыс және толық есепке алуды қамтамасыз етсiн;
      1998 жылдың 1 наурызына дейiн селолық елдi мекендердiң тiзiмдерiн жасайтын болсын;
      1998 жылдың ақпан - наурыз айларында мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң қызметкерлерiнен, белгiленген тәртiп бойынша жұмыссыз деп танылған адамдардың iрiктелген тiркеушiлердi пайдаланып, қалалар мен iрi селолық елдi мекендердiң басқа құрылыстарындағы тұрғын үйлер мен тұрғын жайлардың тiзiмiн жасауды қамтамасыз етсiн;
      Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы 1997 жылы байқау Халық санағы мен Қазақстан Республикасындағы 1999 жылы Халық санағына әзiрлену мен жүргiзуге белсене қатысу жөнiнде бұған тиiстi статистикалық органдарға материалдық-қаржылай көмек берудi санақ бөлiмдерiн көлiкпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып, өз қызметкерлерiн бөлудi ескере отырып, мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы шаруашылық субъектiлерiне ұсыныс жасасын;
      мемлекеттiк статистика органдарын халық санағына әзiрлену, оны жүргiзу кезiнде санақ материалдарын қабылдап және өңдеу үшiн үй-жайлармен, жабдықталған байланыс құралдарымен, жиhазбен және мүкәммалмен өтемсiз қамтамасыз етсiн;
      халық санағына әзiрлену, оны жүргiзу мен материалдарын мемлекеттiк статистиканың аудандық (қалалық) бөлiмдерiне, санақ бөлiмдерiне, нұсқаушылар уаскесiне аудандардың, қалалардың әкiмдерi бекiткен кестелер бойынша өткiзу кезеңiнде көлiкпен өтемсiз негiзде қамтамасыз етсiн;
      санақ құрамының қалалық жолаушылар көлiгiнiң барлық түрiнде (таксиден басқа) және қала маңындағы маршруттардың автобустарында аудан немесе қала әкiмiнiң қолы қойылған есептi куәлiгiн көрсеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiмен келiсiлген мерзiмдерде, Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы байқау санағы кезiнде - 1997 жылдың 13 қаңтары мен 13 наурыз аралығында тегiн жүру мәселесiн шешсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi халықтың көшi-қонын толық әрi дұрыс алуды қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдасын.
      12. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, картографиялық материал жасаумен шұғылданатын басқа да министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiмен келiсiлген техникалық шарттарға сәйкес әдiстемелiк басшылық жасап, Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының тапсырыстары бойынша қалалардың, iрi селолардың сызбалық жоспарлар мен аудандардың карталарын 1999 жылы Халық санағы мен Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы 1997 жылы байқау Халық санағы үшiн нақтылау немесе әзiрлеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.
      13. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
      1999 жылы Халық санағына байланысты жүктердiң кiдiрiссiз қабылданып, тез жеткiзiлуiн, сондай-ақ осы Халық санағына әзiрлену, оны жүргiзу мәселелерi жөнiнде iссапарда жүрген қызметкерлерге жүрiс билеттерiнiң бiрiншi кезекте сатылуын қамтамасыз етсiн;
      мемлекеттiк статистика органдарына 1999 жылы Халық санағына әзiрлену, оны жүргiзу және оның материалдарын өңдеу кезiнде халықаралық телефон байланысын Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiмен келiскендей "Санақ" паролi бойынша берiп отыруды қамтамасыз етсiн;
      поездардағы, автобустардағы, өзен кемелерiндегi, вокзалдар (автовокзалдар), станциялар, аэропорттар сияқты халық шоғырланатын жерлердегi жолаушыларды санауды ұйымдастыратын болсын;
      поездардағы жолаушылардың санағын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiмен келiсiлген мерзiмдерде санақ құрамының (бригадаларының) осы қаулының 10-тармағында көзделген есепшi куәлiгiн көрсеткен жағдайда және поезға отырған станциясына дейiн керi қайту мәселесiн шешетiн болсын;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiмен келiсiлген мерзiмдерде санақ құрамының осы қаулының 10-тармағында көзделген есепшi куәлiгiн көрсеткен жағдайда қала маңындағы қатынас пойыздарында тегiн жүруге рұқсат ету туралы мәселенi шешсiн.
      14. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы Халық санағын жүргiзудiң дүниежүзiлiк практикасын, халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымдарының талаптарын ескере отырып, Халық санағы бағдарламасының халық шаруашылығы салалары бойынша адамдардың қызметi, өндiрiстер мен көрсетiлетiн қызметтердiң, оқу орындарының түрлерi, ұлты мен тiлi туралы сұрақтарына берiлетiн жауаптарды кодтау үшiн жiктемелерге толықтырулар енгiзсiн.
      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi Қазақ мемлекеттiк ақпараттық агенттiгiмен (ҚазМАА), "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясымен, Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiмен бiрлесiп, 1996-1998 жылдары және 1999 жылдың қаңтар - ақпан айларында халық санағы жөнiнде бұқаралық-түсiнiк жұмысын қамтамасыз етсiн;
      ұйымдастыру және бұқаралық-түсiнiк жұмысы жөнiндегi шаралар жасап, оларды Халық санағына жәрдемдесетiн республикалық комиссияның мәжiлiсiнде белгiленген тәртiп бойынша бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасында 1999 жылы Халық санағының мақсаты мен мiндеттерi туралы радио, теледидар, баспасөз арқылы халықты жүйелi түрде ақпараттап отырсын;
      жеке деректердiң құпия екендiгiне халықтың назарын аудара отырып, халық санағының мақсатын, мiндетiн түсiндiретiн плакаттар, үндеулер, пресс-бюллетеньдер, кiтапшалар әзiрлеп және шығарып, Қазақстан Республикасының халқын толық ақпаратпен қамтамасыз етсiн.
      16. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiмен бiрлесiп, кинотеатрларда алдағы Халық санағы туралы киножурналды фильмдердiң алдында көрсету үшiн әзiрлеу, сондай-ақ Халық санағының барысы туралы құжатты фильм жасау тапсырылсын. Қазақстан Республикасының Қаржы

 

министрлiгi 1998 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын

қалыптастырған кезде аталған фильмдер жасауға қажеттi қаражат бөлудi

көздейтiн болсын.

     17. Қазақстан Республикасының Үкiметiнде 1999 жылы Халық санағына

әзiрлiктiң барысы жарты жылда кемiнде бiр рет қаралсын.

     18. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасында

1999 жылы Халық санағына жәрдемдесетiн республикалық комиссияның

төрағасы А.С. Есiмовке жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                     1996 жылғы 11 желтоқсандағы

                                          N 1519 қаулысымен

                                             БЕКIТIЛГЕН


            Қазақстан Республикасында 1999 жылы Халық санағына

              әзiрлену, оны жүргiзу және материалдарын өңдеу

                                 ТӘРТIБI



 
       1. Халық санағын арнайы даярланған есепшiлер 1999 жылдың 25 ақпаны мен 4 наурызы аралығында адамдардың тұрақты (әдеттегi) тұратын жерiндегi үй-жайларды аралау, өздерiнен сұрау салу және мәлiметтердi сонда тұратындардың тiзiмi мен санақ парақтарына жазу жолымен жүргiзедi. Халықтың саны 1999 жлдың 24 ақпанынан 25-iне қараған түнгi сағат 12-дегi жағдай бойынша есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.12. N 1159 қаулысымен.
               P981159_
      2. Санаққа Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар санақ кезiнде республикада тұрған-тұрмағанына немесе елiмiзден тыс жерлерге уақытша кеткенiне қарамастан, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетел азаматтары iлiнедi.
      3. Әзiрлiк шараларын және әскери қызметшiлер мен халықтың арнаулы құрамын есепке алуды арнаулы құрамы мен жабық объектiлерi бар министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер өзге де орталық атқарушы органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi белгiлеген тәртiп пен мерзiмдерде қамтамасыз етедi.
      4. Сәбилер үйлерiнде, балалар үйлерiнде, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда, қарттар мен мүгедектердiң интернат-үйлерiнде, созылмалы ауруларға арналған ауруханаларда, қонақ үйлер мен басқа да мекемелерде тұрақты (әдеттегi) тұратын халықтың санағын осы мекемелердiң әкiмшiлiгi бөлген есепшiлерi жүргiзедi.
      5. Тұрақты тұрғын орны жоқ азаматтардың санағы есепшiлермен кездескен жерлерде алынады. Осы санаттағы азаматтардың санағын алу үшiн вокзалдарда (автовокзалдарда), станцияларда, аэропорттарда, порттарда, т.с.с. халық шоғырланатын жерлерде, сондай-ақ шалғайға қатынайтын поездарда санақ пункттерi құрылады.
      6. Есепшiлер 1997 жылы байқау санағының, 1999 жылы Халық санағының басталуына 5 күн қалғанда тұрғын үй-жайлардың тiзiмiн жасау және халыққа алдағы халық санағы туралы ескерту үшiн өз учаскелерiн алдын ала аралап шығады.
      7. Нұсқаушы-бақылаушылар есепшiлермен бiрлесiп, 1999 жылы Халық санағы аяқталғаннан кейiнгi бес күн iшiнде халық есебiнiң дұрыс әрi толық алынғанын тексеру мақсатында тұрғын үй-жайлардың кемiнде 10 процентiн iрiктеп-бақылап аралап шығады.
      8. Қазақстан Республикасында 1999 жылы Халық санағы мен Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 1997 жылы байқау Халық санағына әзiрлену мен оны жүргiзу үшiн әрбiр аудандық (қалалық) мемлекеттiк статистика бөлiмi жанынан санақ бөлiмдерi, нұсқаушы және есептеу учаскелерi ұйымдастырылып, оларға мынадай орташа жүктеме нормалары белгiленсiн;
      қалалар мен iрi селоларда үйлердiң тiзiмдерiн жасау үшiн тiркеушiге - күнiне 45 үйдi аралау;
      қалалар мен құрылысы жинақы iрi селоларда есепшiге - халық санағының барлық кезеңiне 350 адам, селолық жерлерде - 300 адам;
      нұсқаушы-бақылаушы орташа: қалаларда - 4-5 есепшiнiң, селолық жерлерде - 4 есепшiнiң жұмысына басшылық жасайды;
      санақ бөлiмiне орташа: қалаларда - 9 нұсқаушылық учаске, селолық жерлерде - 7 нұсқаушылық учаске енедi;
      халық санағының материалдарын автоматтандырып өңдеуге әзiрлеу үшiн 1999 жылдың наурыз-қыркүйек айлары кезеңiнде бiр миллион халыққа орташа 45 адам тартылады.
      9. Санақ құжаттамасында жеке адамдар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi бекiткен бағдарлама бойынша халықтың саны, құрамы, табыс көздерi, атқаратын қызметi, жұмыс орны, бiлiмi мен тұрғын үй жағдайлары жөнiндегi жиынтық деректер алу үшiн ғана пайдалануға жатады. Халық санағының қызметкерлерiне толтырылған санақ құжаттамасының мазмұнын кiмге де болса жеткiзуге тыйым салынады.
      Азаматтар туралы жеке мәлiметтердi пайдалану тәртiбiн бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
      10. 1999 жылы Халық санағы мен 1997 жылы байқау халық санағын әзiрлеу мен жүргiзуге қатыстырылған адамдарға аудан (қала) әкiмiнiң қолы қойылған есепшінiң куәлiгi берiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады