1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы 116 бiрлiктегi қызметкерлердiң шектi санының негiзiнде (үй-жайды күзететiн және қызмет көрсететiн қызметкерлердi қоспағанда) қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ 11 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Тау-кен қадағалау және өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау жөнiндегi комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1793 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1820 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 39, 501-құжат) 2, 4, 5, 6-тармақтары. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1536 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы Басшылық Төтенше жағдайлардың алдын алу бас басқармасы Жедел мән беру және азаматтық қорғаныс бас басқармасы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өнеркәсiпте жұмыстың қауiпсiздiгiн қадағалау және тау-кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекция (бас басқарма құқығында) Бақылау және талдау бөлiмi Кадр бөлiмi Қаржы-экономика бөлiмi Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi Арнаулы бөлiм