Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 14 желтоқсан N 1539

      Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын бюджеттiк мекемелердiң жылу энергиясы үшiн жинақталып қалған берешектi қысқарту және Қызылорда облысының 6-ЖЭО жанғыш мазутпен үздiксiз қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп "Құмкөл-ЛУКойл" акционерлiк қоғамының республикалық бюджетте роялти төлеу жөнiндегi 31900 мың (отыз бiр миллион тоғыз жүз мың) теңге сомасындағы берешегiне есептеме жүргiзсiн.
      Аталған сома республикалық бюджет есебiнен ұсталатын бюджеттiк

мекемелерi мен қосымшаға сәйкес жылу энергиясын тұтынғаны үшiн
Қызылорда облысының 6-ЖЭО алдындағы бар берешегiн қаржыландыру
есебiне есептелсiн.
     2. "Құмкөл-ЛУКойл" акционерлiк қоғамының алдындағы берген мазут
үшiн қызылорда облысының 6-ЖЭО берешегi есептеме сомасына өтеледi.
     3. Берешек есептемесi 1996 жылға арналған республикалық
бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып
жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 14 желтоқсандағы
                                            N 1539 қаулысына
                                                қосымша

        Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және тұтынылған
        жылу энергиясы үшiн есептемеге қабылданған мекемелердiң
                                 ТIЗБЕСI
                                                     (мың теңге)
     _______________________________________________________________
     Бюджеттiк ұйымдардың атаулары          Есептемеге қабылданған
                                                берешек сомасы
     _______________________________________________________________
     Қорғаныс министрлiгi                             1046
     Бiлiм министрлiгi                                7046
     Ауыл шаруашылығы министрлiгi                      414
     Көлiк және коммуникациялар министрлiгi           9671
     Қаржы министрлiгi                                 607
     Мемлекеттiк салық комитетi                       1527
     Экология және биоресурстар министрлiгi            121
     Әдiлет министрлiгi                               1455
     Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi
     мемлекеттiк комитет                               140
     Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитет   292
     Су ресурстары жөнiндегi комитет                    36
     Бас прокуратура                                  1257
     Мемлекеттiк тергеу комитетi                      6927
     Ұлттық қауiпсiздiк комитетi                      1361
     Жиыны:                                          31900 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады