Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 желтоқсан N 1544

      Ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруда ғылымды көп қажет ететiн технологияларды өнеркәсiптiк игерудi тұрақтандыру және жинақталып қалған берешектi қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп:
      Атом энергиясы институтының республикалық бюджет алдындағы қосылған құнға салынған салық жөнiндегi 1000 мың (бiр миллион) теңге сомасындағы, Жану проблемалары институтының қосылған құнға салынған салық жөнiндегi 1300 мың (бiр миллион үш жүз мың) теңге сомасындағы берешектерiне бiржолғы есептеме жүргiзсiн;
      аталған сомаларды республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру есебiне Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Атом энергиясы институты мен Жану проблемалары институтының алдындағы берешегiн өтеуге есептесiн;
      берешектi есептеу аталған сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады