Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Филип Морис Интернэшнл Инвестмент Корпорейшн арасында 1993 жылдың 27 қыркүйегiнде жарғылық капитал сатып алу туралы жасасқан, "Алматы Темекi Компаниясы" акционерлiк қоғамына жарғылық капиталын сатып алу туралы шартқа өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 18 қазандағы N 1169 қаулысымен мақұлданған 1994 жылғы 6 қазандағы өзгерiстер мен толықтырулар бар шартты орындау үшiн және "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы 81-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Алматы Темекi Компаниясы" акционерлiк қоғамы Алматы облысының Iле ауданындағы Энергетический поселкесiнен жаңа темекi фабрикасын салуға ауыл шаруашылық емес мұқтаждарға арнап 32 гектар ауыл шаруашылығы жерiн алуға байланысты келтiрiлген ауыл шаруашылығы өндiрiсi шығындарын өтеуден босатылсын.
2. Алматы облысының әкiмi жоғарыда аталған шартқа сәйкес "Алматы Темекi компаниясы" акционерлiк қоғамымен 32 гектар жер учаскесiн жалға беруге шарт жасасуды, сондай-ақ жаңа темекi фабрикасы құрылысының жобасын жүзеге асыруға қажеттi барлық рұқсаттарды (лицензияларды) заңда белгiленген тәртiппен берудi қамтамасыз етсiн. 32 гектардан артық мөлшерде жер учаскесiн беру қолданылып жүрген заңдардағы норма негiзiнде жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi