Оңтүстiк Қазақстан облысы жер пайдаланушыларының ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы Жезқазған облысының запастағы жерiн "Сарысу" шаруа қожалықтары және шағын кәсiпорындар ассоциациясының жер пайдалануына беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 20 желтоқсан N 1568

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ Жарлығының 10-бабына сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж., N 24, 159-бап) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Жезқазған облысы әкiмiнiң және Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы жер пайдаланушыларының ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы Жездi ауданының запастағы жерiн осы ауданның "Сарысу" шаруа қожалықтары мен шағын кәсiпорындар ассоциациясының тұрақты жер

пайдалануына ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жалпы көлемi
41327 гектар, оның iшiнде көл табандап суарылатын 2514 гектар
пiшендiктердi, 38670 гектар жайылымды, 143 гектар өзге де жер
алаптарын беру жөнiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiмен
келiсiлген ұсынысы қабылдансын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады