1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлердiң шектi санының негiзiнде 73 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне Министрдiң 2 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлiгi орталық аппараты үшiн 3 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1802 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1802 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 наурыздағы N 313 қаулысы. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 1573 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Сәулет және қала құрылысы басқармасы Ғылыми-техникалық саясат және инвестициялар басқармасы Тұрғын үй құрылысы басқармасы Экономика және қаржы басқармасы Құрылыстағы баға белгiлеу және сметалық нормаларды жетiлдiру бөлiмi Инженерлiк жүйелер және жобалау жұмыстары бөлiмi Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлiмi Iс басқармасы