Демалыс күнiн көшiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 21 желтоқсан N 1578

      1997 жылғы қаңтар айында еңбекшiлердiң демалысына қолайлы жағдай

жасау және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан 
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. 1997 жылдың 5 қаңтары жексенбiдегi демалыс күнi 1997 жылғы 
3 қаңтардағы жұмаға көшiрiлсiн.
     2. Қажеттi өнiм шығаруға, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн iске қосуға 
арналған еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлген 
ұйымдарға кәсiподақ комитетiнiң келiсiмiмен 1997 жылдың 3 қаңтарында жұмыс 
жүргiзу құқығы берiлсiн.
     Аталған күнгi жұмыс үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтем
жасалады.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады