Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсан N 1642 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

      "Қарағанды облысында мемлекеттiк меншiктi басқаруды жетiлдiру, қаржы тәртiбiн нығайту, экономикалық реформаларды жеделдету мен тереңдету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қазандағы  N 1260  және "Елдегi жағдай және 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 21 қазандағы  N 1289  қаулыларына сәйкес және жекешелендiру бағдарламасының орындалуын жеделдету және өтiмсiз мемлекеттiк мүлiктi сатуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 19, 166-құжат) бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi Ережеге мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      5-тармақтағы "(аукцион, тендер)" деген сөздерден кейiн "Өтiмсiз жекешелендiру объектiлерiн сату саудаластық кезiнде сатып алушылар ұсынған баға бойынша жүзеге асырылады" деген сөздермен толықтырылсын. 
      2. Осы қаулының 1-тармағында аталған жекешелендiруге жататын өтiмсiз объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiтедi.

        Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады