Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды, соның iшiнде көлiк құралдарын да өткiзудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына P961712_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 512-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуiнiң тәртiбi туралы
Ережеге:
6 және 8 тармақтарда:
"Электрлi тұрмыстық" деген сөзден кейiн "және жиhаздар" деген
сөзбен толықтырылсын;
"84, 85 тауарлық топтарында" деген сөзден кейiн "94" деген
санмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 1997 жылдың 1 маусымынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi