Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң борыштары бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жығы 31 желтоқсандағы N 1757

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң орындалған жұмыстар мен алынған материалдық құндылықтар үшiн кәсiпорындар мен ұйымдарға жинақталып қалған берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Мемлекеттiк салық комитетi республикалық бюджет пен қосымшаға сәйкес алынған материалдық құндылықтар мен көрсетiлген қызметтер үшiн несиелiк берешегiн өтеуге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн қаржыландыру есебiне республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешегi бар кәсiпорындар мен ұйымдардың арасындағы 333091,1 мың (үш жүз отыз үш миллион тоқсан бiр мың бiр жүз) сома берешекке есептеме жүргiзсiн.
      2. Есептеме аталған сомалар 1996 жылға арналған республикалық

бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы
Қаржы-бақылау комитетi Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлiгiне берiлген материалдық құндылықтардың толықтығы мен
сапасына, сондай-ақ бағалардың негiзділiгiне бақылау орнатсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 31 желтоқсандағы
                                         N 1757 қаулысына
                                              қосымша

           Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
            несиелiк берешегiн өтеу есебiне қабылданған
          кәсiпорындардың, ұйымдар мен олардың республикалық
                  бюджетке салықтық төлемдерiнiң
                            ТIЗбЕСI
                                            (мың теңгеде)
___________________________________________________________________
Ұйымдардың атауы       |Есептемеге|Оның iшiнде төлем түрлерi бойынша
                       |қабылдан. |________________________________
                       |ған сома, | Қосылған |  Заңды  |Экономиканы
                       |барлығы   | құнға    |тұлғалар.|жаңғырту
                       |          | салынатын|дан      |қоры
                       |          |салық     |табыс    |
                       |          |          |салығы   |
___________________________________________________________________
            1          |     2    |     3    |    4    |     5
___________________________________________________________________
1. "Промсантехмонтаж"
   ұжымдық  кәсiпорны,
   Өскемен қаласы         5883,2                3583,2    2300,0
2. "Промтехмонтаж",
   акционерлiк қоғамы,
   Алматы қаласы          7367,4     7367,4
3. "МНиНТ" арнаулы
   конструкторлық-
   техникалық бюросы,
   Алматы қаласы          292,0      292,0
4. "Теплоэнергообо.
   рудование"
   акционерлiк қоғамы,
   Алматы қаласы          16700,0    16700,0
5. "Электросредазмонтаж"
   акционерлiк қоғамы,
   Алматы қаласы          5000,0     5000,0
6. "Средазэнергозащита"
   акционерлiк қоғамы,
   Алматы қаласы          10000,0    5918,9      3470,7    610,4
7. Алматы сәулет-құрылыс
   академиясының
   жанындағы тәжiрибе-
   эксперименталдық
   кәсiпорын              654,2      503,6       150,6
8. "Гидроприбор"
   акционерлiк қоғамы,
   Орал қаласы            2082,0     1400,0      682,0
9. "Өскемен жиhаз
   комбинаты"акционерлiк
   қоғамы
   Өскемен қаласы         8117,0                 8117,0
10."Альбикус"
   акционерлiк қоғамы,
   Алматы қаласы          1952,3                            1952,3
11. "Сұңқар"
   акционерлiк қоғамы,
   Алматы қаласы          9259,2     9088,7     170,5
12. "Құлан"
   акционерлiк қоғамы,
   Алматы қаласы          30000,0    30000,0
13. "Алтын-Диiрмен"
   акционерлiк
   өнеркәсiптiк-өндiрiстiк
   корпорациясы,
   Алматы қаласы          20023,8               200023,8
14. Алматы ауыр машина
    жасау заводы          50000,0    42000,0    8000,0
15. "Сеймар" ашық
   үлгiдегi акционерлiк
   қоғамы, Алматы қаласы  4000,0                4000,0
16. "Келет" шағын жеке
   меншiк кәсiпорны,
   Алматы қаласы          10035,0               10035,0
17. "Казконтракт"
   республикалық контракт
   корпорациясы
   "Казвнешконтракт"
   жауапкершiлiгi
   шектеулi серiктестiгi,
   Алматы қаласы          2283,0     1881,9     401,1
18. Павлодар картон-
   рубероид заводы        28000,0    21617,9    6382,1
19."Алматы маргарин
   заводы" акционерлiк
   қоғамы                 5000,0     5000,0
20."Павлодарсоль"
   акционерлiк қоғамы     9300,0     6300,0     3000,0
21. "Цемент" акционерлiк
   қоғамы, Семей қаласы   75342,0               75342,0
22. "Мерей" акционерлiк
   қоғамы, Алматы қаласы  318000,0   22100,0    9700,0
___________________________________________________________________
     Барлығы              333091,1   175170,4   153058,0   4862,7
___________________________________________________________________
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады