1. Жапониядағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап 19 адам болып бекiтiлсiн.
2. Жапониядағы Қазақстан Республикасының Елшiсiне лауазымдық шетел валютасымен жалақысы 4000 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасындағы жалақысын негiзге ала отырып, штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге аударым
олардың шетел валютасындағы еңбек ақысының 6 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Жапониядағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыстар сметасын олардың құрамында Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi арнаулы бюроны көздей отырып, бекiтсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары