Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
AlemBank Kazakstan акцияларын сатып алу туралы оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мәжбүр етiп сатып алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне өтiнiш жасасын;
AlemBank Kazakstan қаржылық сауықтыру жөнiндегi негiзгi
шаралардың жоспарын әзiрлесiн және оны бекiтсiн: осы мәселенi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дұрыс шешкен жағдайда банктiң акцияларын сатып алу-сату туралы қажеттi шарт жасаса отырып AlemBank Kazakstan акцияларын сатып алу үшiн Үкiметтiң резервтiк қоры қаражатының есебiнен 2801 теңге 79 тиын бөлсiн және AlemBank Kazakstan қайта капиталдандыруға қаражат бөлетiн болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары