"Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкi мен AlemBank Kazakstan қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 15 қаңтар N 73

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң атынан акциясының 100 процентi Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиесiлi "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкi мен AlemBank Kazakstan қызметiн тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкi мен AlemBank Kazakstan оларды "ТұранӘлем Банк" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi "ТұранӘлем Банк") қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      қосу жолымен оларды қайта ұйымдастыру мақсатында, белгiленген тәртiппен "Тұранбанк" және AlemBank Kazakstan банктерi акционерлерiнiң жалпы жиналысын өткiзсiн;
      "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "ТұранӘлем Банкiнiң" капиталын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген нормативтерге сәйкес жеткiлiктi деңгейге жеткiзу және оның қалыпты қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi қаржы бөлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне банктiң жарғысын

бекiту және оның басқару органдарын құру құқығымен "ТұранӘлем
Банкiнiң" акцияларына иелiк ету, оны пайдалану жөнiнде құқық берiлсiн.
     4. "ТұранӘлем Банкiнiң" Байқаушы кеңесiнiң құрамына қосымшаға
сәйкес адамдарды;
     "ТұранӘлем Банкi" басқармасының төрағасы етiп - Е.Н. Тәтiшевтi
сайлау ұсынылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
                                        Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 15 қаңтардағы
                                           N 73 қаулысына
                                            Қосымша

            "ТұранӘлем Банк" жабық акционерлiк қоғамы Байқаушы
                 кеңесiнiң құрамына ұсынылған адамдардың
                               Т I З I М I

     Тәжияқов Б.Ш.      - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi
                          төрағасының бiрiншi орынбасары - Байқаушы
                          кеңесiнiң төрағасы болып

     Мыңбаев С.М.       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                          орынбасары

     Ертiлесова Ж.Ж.    - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                          бiрiншi орынбасары

     Молдахметов Н.С.   - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң
                          бiрiншi орынбасары

     Ержанов О.С.       - Қазақстан Республикасының Ұлттық банк
                          төрағасының орынбасары

     Соболев В.В.       - Қазақстан Республикасы Инвестициялар
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң директоры

     Тәтiшев Е.Н.       - "ТұранӘлем Банкi" басқармасының төрағасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады