1. "ТЕК тобының" Васильков алтын рудасы кен орнына қатысты түпкiлiктi ұсынысы қабылданбасын.
2. Васильков алтын рудасы кен орнын өнеркәсiптiк игеруге қатысатын үмiткерлердi iрiктеу жөнiндегi конкурс тоқтатылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Васильков алтын рудасы кен орнын шетелдiк инвестицияларды тарта отырып отандық жер қойнауын пайдаланушылардың өнеркәсiптiк игеру бағдарламасын әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп "McGuire Woods Battle & BootHe L.L.Р." заң фирмасы келтiрiлген шығынға тексеру және "McGuire Woods Battle & BootHe L.L.Р." фирмасының Васильков алтын рудасы жобасына байланысты мәселелер жөнiнде алған мiндеттемелерi аяқталғаннан кейiн түпкiлiктi есептеу жүргiзсiн.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 29 ақпандағы N 98, 1996 жылғы 1 шiлдедегi N 254, 1996 жылғы 17 қазандағы N 481 өкiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi