Жабайы жануарлардың гендiк қорын сақтау жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 ақпан N 149. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.14. N 1035 қаулысымен. ~P981035

      Қызыл кiтапқа енгiзiлген жабайы жануарлардың гендiк қорын сақтаудың биотехнологиялық негiздерiн әзiрлеу жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ғылым министрлiгi - Ғылым Академиясы Зоология және жануарлар генофонды институтына екi еркек және үш ұрғашы арқар, оның iшiнде 1997 жылы - екi еркек және бiр ұрғашы және 1998 жылы - екi ұрғашы арқар аулауға рұқсат етсiн.
      Аулау "Қызыл кiтапқа енгiзiлген хайуанаттарды шектеп алудың мүмкiндiктерiн зерделеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 наурыздағы N 348 P950348_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 120-құжат) орман шаруашылығы органдарына 1997 жылға арнап бекiтiлген арқар аулау лимитiнiң есебiнен жүргiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi 1997-1998 жылдары аталған жануарларды аулауға уақтылы рұқсат берiлуiн қамтамасыз етсiн және олардың пайдаланылуына бақылау орнатсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым Академиясы ғылыми тәжiрибенiң жүргiзiлуiне бақылау орнатсын және жасалған зерттеулердiң нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарлап отырсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады