Коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 5 ақпан N 157

      Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға арналған Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мен қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп ұсынған коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзбесiне келiсiм берiлсiн және облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығының  2-бабына  сәйкес оны бекiту ұсынылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңмен белгiленген тәртiпте: 
      облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiне коммуналдық меншiкке жатқызылған объектiлердi берудi қамтамасыз етсiн; 
      республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар, коммуналдық меншiк объектiлерi мен жекешелендiруге жатқызылмаған объектiлер тiзбелерiне енгiзiлмеген объектiлердiң кiмге тиесiлi екендiгiн айқындасын. 

      3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi жекешелендiрiлуге тиiстi, коммуналдық меншiк объектiлерiн сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдарына берудi қамтамасыз етсiн. 

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына жүктелсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады