Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының 1997 жылға арналған бюджетi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 6 ақпан N 167

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының 1997 жылға арналған бюджетi қосымшаға сәйкес кiрiсi бойынша 6630.0 млн. теңге, шығысы бойынша - 6630.0 млн. теңге сомасында бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының 1997 жылға арналған бюджетiнiң кiрiсi меншiк нысаны мен қызметiнiң түрлерiне қарамастан жұмыс берушiлердiң, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтардың сақтандыру жарналарының есебiнен құралады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қосымшада көрсетiлген жәрдемақыларды төлегеннен кейiн, облыстар бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына түскен қаражаттың қалдығын кейiн аймақтар бойынша қайта бөлу үшiн Республикалық қордың шотына орталықтандыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына сақтандыру жарналарының толық және уақытылы жиналуын, сондай-ақ төлеу мен өтеудiң белгiленген тәртiбiн қатаң сақтай отырып, қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi салық

төлеушiлердiң қызметiн тексерiстер жүргiзу кезiнде Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына сақтандыру
жарналарының толық және уақытылы төленуi мәселелерiн мiндеттi түрде
тексерiп, кейiн халықты әлеуметтiк қорғау органдарына хабарлайтын
болсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 6 ақпандағы
                                            N 167 қаулысына
                                             Қосымша

                Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк
                 сақтандыру қорының 1997 жылға арналған бюджетi
                                   КIРIСТЕР
                                                     млн. теңге

     Жұмыс берушiлердiң, меншiк нысаны мен қызмет түрлерiне қарамастан
кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтардың сақтандыру жарнасының
аударымы                                              6630,0

     Кiрiстердiң жиыны                                6630,0

                                   ШЫҒЫСТАР

     1. Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты
        жәрдемақы (оның iшiнде еңбек жарақаты мен
        кәсiби ауруларға байланысты)                  4282,0

     2. Жүктiлiгiне және босануына байланысты
        жәрдемақы                                     2022,0

     3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы               191,0

     4. Жерлеуге берiлетiн жәрдемақы                    81,0

     5. Сауықтыру қызметтерi                            54,0

     Шығыстардың жиыны                                6630,0
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады