1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрiне "Амоко" (АҚШ) компаниясымен Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан келiссөздер жүргiзу және Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен "Амоко" компаниясы арасындағы ынтымақтастықтың негiзгi принциптерi туралы Келiссөзге қол қою өкiлеттiгi берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен "Амоко" компаниясы арасындағы Қазақстанның Каспий шельфi секторын игеру кезiнде өнiм бөлiнiсi туралы Келiсiмнiң шарттары бойынша "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамы мердiгердiң үлесiнен ала алатын қатысушының үлесiнен процент алу туралы Келiсiм бойынша, ол бойынша келiссөздер "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамы және консорциумның шет елдiк қатысушылары арасында жүргiзiледi; <*>
өнiм бөлiнiсi туралы келiсiм бойынша, бiрлескен кәсiпорындар немесе өзара қабылданымды уағдаластықтар:
Өзен мұнай-газ кен орнын қалпына келтiру жөнiнде;
Темiр кен орнының Б Блогын барлау және игеру жөнiнде;
"Амоко" компаниясының мыналарға құқық алу үшiн тендерге қатысуы жөнiнде;
"Ақтөбемұнай" акционерлiк қоғамын жекешелендiру;
Атырау-Баку экспорттық құбыры құрылысының техникалық-экономикалық негiздемесiн құрастыру жөнiнде келiссөздер жүргiзу ниетiнде екендiгi назарға алынсын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 1-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
1997.02.21. N 252 қаулысымен. P970252_
3. "Амоко" компаниясына" тараптардың келiсiмi бойынша оның мүмкiн болатын ұзартылуымен жиырма ай мерзiмге:
Оңтүстiк Ембi блоктарын барлау және игеру жөнiндегi;
Каспий теңiзi қазақстандық секторының төрт блогын барлау және игеру жөнiндегi;
"Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамы мен консорциумның шетелдiк қатысушыларының арасында келiссөз жүргiзiлiп жатқан Каспий шельфiнiң қазақстандық секторын игеру кезiнде өнiмдердi бөлiсу туралы Келiсiмнiң шарттары бойынша "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамы мердiгердiң үлесiнен ала алатын қатысу үлесiнен процент алу туралы Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен "Амоко" компаниясының арасындағы Келiсiм жөнiндегi жобалар бойынша Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен келiссөздер жүргiзуге эксклюзивтi құқық берiлетiн болады. <*>
4. "Амоко" компаниясы Қазақстан Республикасына бонус төлейдi және Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен "Амоко" компаниясы арасындағы ынтымақтастықтың негiзгi принциптерi туралы келiссөздер жүргiзу мен жасасуға байланысты барлық шығындарды өтейдi деп көзделсiн.
ЕСКЕРТУ. Қаулы 3-тармақпен толықтырылды, 3-тармақ 4-тармақ
болып саналды - ҚРҮ-нiң 1997.02.21. N 252 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi