"1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 P961533_ қаулысымен бекiтiлген 1997 жылға арналған реформаларды
тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең
ауқымды Жоспарының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
1997 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығындарды
қаржыландыру ережелерi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жыл 10 ақпандағы
N 186 қаулысына
қосымша
1997 жылға арналған республикалық
бюджетте көзделген шығындарды қаржыландырудың
ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Осы Ереже 1997 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығындарды қаржыландырудың тәртiбiн және кезектiлiгiн айқындайды.
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдары, басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар (бұдан әрi - ұйымдар) функционалдық топтары, функциялар, қосымша функциялар және мекемелер бойынша республикалық бюджет шығындарының бекiтiлген шектеулi мөлшерлерi негiзiнде бюджеттiк сыныптаманың барлық буындары бойынша айлық бөлiнiспен қоса қаржылық жылға арналған шығындардың сметасын жасап, оларды республикалық бюджет шығындарының кестесiн құру үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырады.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық республикалық бюджеттiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен шығындарының кестесiне сәйкес, сондай-ақ қолда бар қаржы ресурстарының шегiнде ұйымдарға "Қаржылық жоспар құру және қолдағы ақшаның ағымын болжау жөнiндегi" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 18 қыркүйектегi N 239 нұсқаулығында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1996 жылғы 5 маусымдағы N 130 бұйрығымен енгiзiлген өзгерiстерде айқындалған тәртiпте қазыналық рұқсаттар бередi.
Республикалық бюджеттi құрудың және орындаудың Ережелерiне сәйкес республикалық бюджеттiң үлестiк қаржыларын бөлуге өзгертулер енгiзу кезiнде оларды секвестициялауды қоса, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылық республикалық бюджет шығындарының өзгерген кестесi бойынша шығындарды қаржыландыруды жүзеге асырады.
4. Ұйымдарды республикалық бюджеттiң қаржылары есебiнен қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық беретiн рұқсаттың негiзiнде айына бiр рет /2-шi жұлдызынан кейiн/ жүргiзiледi. Бұл орайда шығындарды экономикалық сыныптаудың, несиелеудiң және жабудың барлық түрлерi бойынша қаржыларды басымдылықпен бөлу тәртiбi орнатылады.
Бiрiншi кезекте секвестицияға жатпайтын шығындар /еңбек ақы төлеу, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарналары, стипендиялар, зейнетақылар мен тамаққа арналған шығыстар/, сондай-ақ басқа да бiрiншi кезектегi және айрықша шығыстар /дәрi-дәрмектер мен орап-байлау заттарын сатып алу; электр энергиясы мен жылуға ақы; облыс бюджеттерiнiң трансферттерi; ұзақ мерзiмдi, орта мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша борышты өтеу жөнiндегi; iшкi займдар бойынша проценттердiң төлемдерi; сыртқы займдар бойынша проценттердiң төлемдерi; халықаралық қаржы ұйымдарының борышын өтеу; шет мемлекеттер үкiметтерiнiң борышын өтеу; халықаралық даму ұйымдарының борышын өтеу; сыртқы борыштың әртүрлi өтемдерi/.
Екiншi кезекте шығындардың келесi түрлерi қаржыландырылады: ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру ұйымдарының және есептеу орталықтарының қызметтерi; елден сыртқары iссапарлар мен қызмет бабындағы жүрiстер, елдiң iшiндегi iссапарлар мен қызмет бабындағы жүрiстер; жұмсақ мүкәммал мен арнаулы киiмдердi сатып алу; негiзгi жабдықтарды сатып алу; байланыс қызметiне ақы төлеу; ағымдағы және күрделi шығыстардың басқа да түрлерi.
5. Жобаларды сыртқы займдардың есебiнен жүзеге асыру жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру займ сомаларының түсу шамасына қарай жүзеге асырылады. Шығыстардың түрлерi бойынша қаражат бөлудың басымдылығы займ шарттарымен айқындалады.
6. Қаржыландырудың лимиттерiн айқындауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық республикалық бюджетке қаржылардың болжамды /күтiлiмдi/ түсiмдерi негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы тиiстi қаржы жылына арналған шығыстардың сметасы тапсырылмаған, бөлiнген қаржылар мақсатсыз немесе тиiмсiз пайдаланылған жағдайда, бюджеттiк қаржыларды бөлмеуге, оларды қайтып алуға және тыйым салуға құқы бар, сондай-ақ республикалық бюджеттiң шығындарын оған түскен түсiмдерге байланысты бөлудiң бiркелкiлiгiн реттейтiн шаралар қолдануға құқы бар.
Ағымдағы жылдың iшiнде шығыстар кiрiстен, болжамдағыға /күтiлiмдегiге/ қарағанда, асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шығындардың белгiлi бiр түрлерiн, олардың бюджеттiк қаржымен қамтамасыз етудiң басымдылық сипатын ескере отырып, қаржыландыруды тоқтата тұру жөнiнде шаралар қолданады.
Бiрыңғай қазынашылық есепте қаражат жеткiлiксiз болған кезде дебеттiк сальдоның пайда болуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнен заңда белгiленген тәртiппен несие алуға құқылы.
7. Республикалық бюджеттiң қаражатын пайдалану қатаң мақсатты арналым бойынша жүзеге асырылады. Республикалық бюджет бойынша ұйымдарға келесi айға арналған шығыстар үшiн қазынашылық рұқсаттар бiрыңғай қазыналық есепте қалған басы бос қаржыларды және пайдаланылмаған лимиттердi ескере отырып жүргiзiледi.
8. Республикалық бюджет шығындарының белгiлi бiр түрлерiн дереу қаржыландыруды талап ететiн ахуал пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi секвестицияға жататын шығыстарды қаржыландыру кезегiнiң тәртiбiн өзгертуге құқығы бар.
9. "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 52-1 Z960052_ Заңының 28-бабына сәйкес республиканың аумағына төтенше бюджет енгiзген кезде 1997 жылға арналған республикалық бюджетке көзделген шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң айрықша шешiмiне сәйкес жүргiзiледi.