Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 11 ақпан N 190. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың санын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қазандағы N 3168 U963168_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталық атқарушы органдарды ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      3. Ұлттық статистика агенттiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары екi ай мерзiмде осы қаулыға қайшы келетiн ведомстволық нормативтiк актiлердi қайта қарауды және күшiн жоюды қамтамасыз етсiн.
      5. "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi

 

мемлекеттiк комитетi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қаңтардағы N 68 


P960068_


  қаулысының

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 5, 23-құжат) күшi

жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                      Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                      1997 жылғы 11 ақпандағы

                                         N 190 қаулысымен

                                            Бекiтiлген


             Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика

                          агенттiгi туралы

                              ЕРЕЖЕ


                 I. Жалпы ережелер


     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi

(Ұлттық статагенттiк):


 
       статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты жасау мен iске асыруды Қазақстан Республикасында статистиканы жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу мен енгiзудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң құрамына енбейтiн, орталық атқарушы орган болып табылады;
      статистикалық есепке алудың әдiснамасы мен әдiстемелерiнiң мәселелерiнде дербестiкке ие; бөлiнген қаржыландыру шегiнде өзiнiң аймақтық және басқа да бөлiмшелерiнiң жүйесiн қалыптастырады, оларға және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға да басшылықты жүзеге асырады.
      2. Ұлттық статагенттiк орталық аппарат пен өзiне тiкелей бағынатын облыстық және Алматы қалалық статистика басқармалары мен ведомстволық бағыныстағы басқа да ұйымдардан тұрады.
      3. Ұлттық статагенттiк пен оның бағынысындағы органдар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн, халықаралық шарттар мен келiсiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
 
             II. Ұлттық статагенттiктiң мiндеттерi
 
      4. Ұлттық статагенттiктiң статистиканы ұйымдастыру мен жетiлдiру саласында жалпы мемлекеттiк саясатты жүргiзу кезiндегi негiзгi мiндеттерi:
      республиканың мемлекеттiк статистикасына басшылық жасау, оның бүкiл аумағында статистикалық қызметтiң мазмұны мен сипатын айқындау;
      республикада жүрiп жатқан экономикалық және әлеуметтiк демографиялық процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты зерттеу және қорыту;
      Статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
      заңды және жеке тұлғалардың жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
      қолданылып жүрген шарттар жөнiндегi мiндеттемелерге сәйкес статистикалық ақпаратты халықаралық ұйымдарға берiп отыру, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпарат алмасуды жүргiзу;
      мемлекеттiк статистика органдарына ақпарат беретiн заңды және жеке тұлғаларды статиистикалық есеп беру бланкiлерiмен және оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;
      Мемлекеттiк статистика регистрiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық статагенттiгiнiң құзырына енетiн жалпы классификаторлар мен техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты кодтау жүйесiн жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      республиканың және оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық - статистикалық деректер базасын жинақтауды, сақтауды, жүргiзудi және мән берудi қамтамасыз ету;
      халықаралық ережелер мен стандарттарға сәйкес келетiн статистикалық деректердiң әдiснамалық салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру болып табылады.
 
             III. Ұлттық статагенттiктiң функциялары
 
      5. Ұлттық статагенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      статистиканың мәселелерi жөнiндегi заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттардың жобаларын әзiрлейдi және оны дайындауға қатысады;
      Қазақстан Республикасында статистиканы жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      жыл сайын Статистикалық жұмыстар жоспарының жобасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттiк және өзге де орталық атқарушы органдарымен келiскеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады;
      республикада халықаралық практикада қабылданған көрсеткiштермен салыстырылған статистикалық көрсеткiштердi әзiрлеуге және енгiзуге әдiснамалық басшылықты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiне, мемлекеттiк және өзге де орталық атқарушы органдардың назарына статистика жөнiндегi әдiснамалық ережелердi уақытылы жеткiзедi;
      мемлекеттiк және салалық статистикалық есеп беру көрсеткiштерiнiң ең аз құрамын мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсуi бойынша айқындайды;
      статистикалық есеп беру нысандарын әзiрлейдi, оларды берудiң мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
      республикада бүкiл статистикалық есеп берудi бекiту мен жетiлдiру жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
      статистикалық байқаудың ғылыми әдiснамасы мен прогрестi әдiстерiн, компьютер техникасын, ақпарат беру құралдары мен полиграфиялық жабдықтарды кеңiнен қолдануға негiзделген қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу негiзiнде статистикалық ақпараттың объективтiлiгiнiң дұрыстығы мен тұтастығын қамтамасыз етедi;
      белгiленген тәртiппен статистикалық жинақтарды, бюллетеньдердi, экономикалық шолуларды және басқа да статистикалық материалдарды бастырып шығарады және таратады; басылымдарда жиынтықталған статистикалық ақпаратты қалың жұртшылық үшiн жүйелi түрде жариялап отырады;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерiмен статистика мәселелерi бойынша семинарлар мен кеңестер өткiзедi;
      қолда бар келiсiмдерге сәйкес шет мемлекеттердiң статистикалық қызметтерiмен және халықаралық экономикалық және статистикалық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады, шет елдердiң статистикалық ұйымдарының қызметiн ұйымдастыру тәжiрибесiн зерделейдi және оны Қазақстан Республикасы статистикалық органдарының қызметiнде iс жүзiнде қолдану жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
      халықаралық шарттар мен келiсiмдердi әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
      ақпараттық жүйелердi және басқа автоматтандыру мен компьютерлендiру құралдарын жасау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      статистикалық ақпарат жүйесiнiң дамуы мен жұмыс iстеуiнiң оның республиканың және халықаралық ұйымдардың басқа да ақпарат жүйелерiмен өзара iс-қимыл жасауының аса маңызды проблемалары жөнiндегi ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;
      есеп және статистика қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiби бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады.
 
              IV. Ұлттық статагенттiктiң құқықтары
 
      6. Өзiне жүктелген мiндеттер мен атқаратын функцияларына сәйкес Ұлттық статагенттiктiң:
      заңды ұйымдардан, соның iшiнде коммерциялық құпияны құрайтын мемлекеттiк статистикалық есептердi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Статистикалық жұмыстардың жоспарында белгiленген көлемдер мен мерзiмдерде алуға;
      ел халқының арасында статистикалық байқаулар жүргiзуге, азаматтардан олардың экономикалық және әлеуметтiк-демографиялық жағдайы туралы, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметi туралы деректер алуға;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiппен ұйымдардың лауазымды адамдарын мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзуге, тартуға;
      қажеттi жағдайда бастапқы және жиынтықты деректердiң дұрыстығын тексеруге. Олардың бұрмаланғаны анықталған жағдайда заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерге оларды жөндеу туралы орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге, жиынтықты статистикалық деректерге тиiстi нақтылаулар енгiзуге;
      шаруашылық шарттары бойынша бейiндiлiк тақырыптамасы жөнiнде статистикалық және өзге де жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға статистикалық ақпараттың белгiленген тәртiппен өткiзiлуiн жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк статистика мәселелерi жөнiнде қаулылар мен нұсқаулықтар шығаруға;
      салалық статистикалық байқаулар бағдарламаларын бекiту негiзiнде статистикалық қызметпен шұғылданатын өзге де орталық атқарушы органдардың статистикалық қызметiн үйлестiруге;
      республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ меншiк нысаны мен ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан ұйымдардың мемлекеттiк статистика мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарын орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк және салалық статистиканың мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келетiн нормативтiк актiлерiнiң күшiн тоқтата тұруға, белгiленген тәртiп бойынша күшiн жою жөнiнде шаралар қолдануға;
      мемлекеттiк статистика мәселелерi жөнiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi заңдарда белгiленген тәртiппен қарауға;
      шет елдермен және халықаралық ұйымдармен статистика саласында ынтымақтастықты жүзеге асыруға, олармен мемлекеттiк статистиканы дамытуға бағытталған келiсiмдер мен шарттар жасауға;
      мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудiң аса маңызды проблемаларын шешу және олар жөнiндегi қызметтi үйлестiру үшiн мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттiк, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, басқа да халықаралықты қоса алғанда, ұйымдардың өкiлдерiн қатыстырып, ведомствоаралық ғылыми-әдiстемелiк және ғылыми-сараптау кеңестерiн, сондай-ақ жұмыс топтарын құруға;
      Ұлттық статагенттiктiң жекелеген мәселелер жөнiндегi жұмысына шарттық негiзде жоғары бiлiктi мамандар мен ғалымдарды тартуға;
      Ұлттық статагенттiктiң құзырына енетiн мәселелер жөнiнде кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
      ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерiн белгiленген тәртiпте шешуге;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес және басқа да құқықтарға құқығы бар.
 
            V. Ұлттық статагенттiктiң жұмысын ұйымдастыру
 
      7. Ұлттық статагенттiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi лауазымға тағайындайтын және босататын Төраға басқарады. Төрағаның орынбасарларын Ұлттық статагенттiк Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
      Ұлттық статагенттiктiң Төрағасы - материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, көлiктiк, дәрiгерлiк қызмет көрсету жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының министрiне, Төрағаның орынбасарлары - министрдiң орынбасарларына теңеледi.
      8. Ұлттық статагенттiкте, санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн алқа құрылады. Алқаның дербес құрамын Ұлттық статагенттiктiң Төрағасы бекiтедi.
      Алқа Ұлттық статагенттiктiң мақсатынан, мiндетiнен және функциясынан туындайтын аса маңызды мәселелердi қарайды. Шешiм қабылдау үшiн алқаның мәжiлiсiне алқа мүшелерiнiң кем дегенде үштен екiсi қатысуға тиiс. Алқаның шешiмдерi ұсыным сипатында болады.
      9. Ұлттық статагенттiктiң құрылымы мен қызметкерлер санын - Қазақстан Республикасының Үкiметi, ал оның штат кестесiн бекiтiлген құрылымның, саны мен еңбекақы қорының шегiнде Ұлттық статагенттiктiң Төрағасы бекiтедi. Облыстар, Алматы қаласы бойынша статистика басқармаларының құрылымы мен санын қызметкерлер санының лимитi мен белгiленген еңбекақы қоры шегiнде Ұлттық статагенттiктiң Төрағасы бекiтедi. Олардың штат кестелерiн тиiстi аймақтық статистикалық басқармалардың бастықтары бекiтедi.
      10. Ұлттық статагенттiктiң төрағасы:
      Ұлттық статагенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн;
      облыстық және Алматы қалалық статистика басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы басқа да ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады.
      Ведомстволық бағыныстағы балық деңгейдегi органдардың бiлiктiлiк сипаттамасының талаптарына жауап беретiн басқа қызметкерлерiн тиiстi органдардың бiрiншi басшылары лауазымға тағайындайды және босатады.
      11. Ұлттық статагенттiктiң төрағасы аймақтық статистикалық басқармалар мен ведомстволық бағыныстағы басқа да ұйымдар туралы ережелердi бекiтедi.
      12. Ұлттық статагенттiктiң лауазымды адамдары өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты таратқаны үшiн тәртiптiк, материалдық және заңдарда белгiленген өзге де жауапкершiлiктерге тартылады.
      13. Ұлттық статагенттiк пен оның жергiлiктi жердегi органдары заңды ұйым болып табылады, олардың банк мекемелерiнде шоттары (соның iшiнде валюталық шоты), белгiленген үлгiдегi мөрлерi мен бланкiлерi болады.
      Ұлттық статагенттiк пен оның аймақтардағы органдарының қаржылық негiзi республикалық бюджеттiң қаражатынан, сондай-ақ егер бұл республиканың заңдық актiлерiнде көзделсе, шарттық талаптарды статистикалық қызмет көрсетуден алынған кiрiстерден құралады.
 
            VI. Таратылуы және қайта ұйымдастырылуы
 
      14. Ұлттық статагенттiктi тарату және қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады