"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығын Z952235_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Жер салығының базалық ставкаларына 1997 жылға 1,45 тең
коэффициент белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.02. N 1671
қаулысымен.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi