Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 17 ақпандағы N 229

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi бастапқы офицер лауазымдарының жасақталмауына байланысты "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 17-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1997 жылы әскери-есептiк немесе азаматтық, тиiстi әскери

сабақтас мамандықтар бойынша әскери қызметiн өткермеген запастағы
офицерлер үш жыл мерзiмге әскери қызметке шақырылсын.
     2. 1997 жылы запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды
жүргiзуге арналған әскери-есептiк мамандықтардың тiзбесi және осы
мамандықтар бойынша шақырылатын азаматтардың саны бекiтiлсiн (қоса
берiлiп отыр).

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                   1997 жылғы 17 ақпандағы
                                      N 229 қаулысымен
                                         бекiтiлген

         Запастағы офицерлердi 1997 жылы әскери қызметке
         шақыруға арналған әскери-есептiк мамандықтардың
            және осы мамандықтар бойынша шақырылатын
                       азаматтар санының
                            ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
     Мамандық                                    Саны, адам
___________________________________________________________________
        Офицер:
     мотоатқыштар әскерi                                 60
     танк әскерi                                         50
     ракета әскерi мен артиллерия                        50
     әуе қорғанысы әскерi                                40
     құрлықтағы әскерлердiң әуе қорғанысы                25
     Әскери-Әуе Күштерi                                  60
     инженерлiк әскер                                    20
     химиялық әскер                                      15
     байланыс                                            110
     бронетанк қызметi                                   30
     ракета-артиллерия қару-жарағы қызметi               20
     медицина қызметi                                    20
     мүлiк-зат қызметi                                   10
     азық-түлiк қызметi                                  10
     жанар-жағар май материалдары қызметi                5
     қаржы қызметi                                       10
     тәрбиелiк және әлеуметтiк-құқық жұмыстары бойынша   50
     әскери прокуратураға арналған заңгер                25
     Мемлекеттiк тергеу комитетiне арналған заңгер       25
___________________________________________________________________
        Жиыны                                            635
___________________________________________________________________
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады