Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң орынбасары, төраға Әбдiкамалов О.А. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары Кешубаев Ғ.Қ. - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары Тоқсейiтов Р.Қ. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Төтенов Б.В. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары В.В.Соболев, А.С.Павлов, Ә.М.Бәйменов, О.Г.Кинасов және А.В.Смирнов аталған құрамнан шығарылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 28 ақпандағы N 242. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002.05.28. N 581 қаулысымен. ~P020581
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз