Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1995 жылғы 7 сәуiрде Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Индонезия Республикасының Үкiметi арасындағы Экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Индонезия Тарапын Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдаған шешiм туралы белгiленген тәртiппен хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Индонезия
Республикасының Үкiметi арасындағы Экономикалық
және техникалық ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
(1997 жылғы 19 наурызда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Индонезия Республикасының Үкiметi
екi жақты қатынастар мен ынтымақтастықты тұрақты және ұзақ мерзiмдiк негiзде кеңейте және нығайта түсуге тiлек бiлдiре отырып;
екi ел мүдделерi тұрғысынан тұрақты және нәтижелi ынтымақтастықтың қажеттiлiгiне сенiм бiлдiре отырып;
екi ел арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайтуға өздерiнiң мүдделiлiгiн мақұлдай отырып және
теңдiк, өзара тиiмдiлiк және егемендiк сыйлау ұстанымдары негiзiнде екi ел арасындағы қалыптасқан достық қатынастарды нығайту мен экономикалық және техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесу тiлегiн басшылыққа ала отырып,
мыналар жөнiнде келiстi:
I-бап
Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiм шеңберiнде және олардың заңдарымен нормаларына сәйкес екi ел арасындағы экономикалық және техникалық ынтымақтастықты қолдау және дамыту үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдауға күш салатын болады.
II-бап
Осы Келiсiмде көрсетiлген экономикалық және техникалық ынтымақтастық өзара келiсiм бойынша белгiленген салаларда дамытыла алады.
III-бап
Экономикалық және техникалық ынтымақтастық Уағдаласушы Тараптардың мүмкiндiктерi мен талаптарына сәйкес, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптар арасында келiсiлген мерзiмде және шарттар бойынша жүзеге асыруға тиiс. Келiсiлген салалардағы мұндай ынтымақтастықтың нысандары мен әдiстерiне байланысты толық ережелерi, сондай-ақ шарттары жекелеген келiсiмдерде белгiленетiн болады.
IV-бап
1. Уағдаласушы Тараптар екi елдiң мамандандырылған институттары арасындағы техникалық ынтымақтастықтың барлық аспектiлерiн қолдауға қосымша ретiнде ғылыми және технологиялық мәлiметтер мен сарапшылар, техникалық мамандар мен оқытушылар алмасу жолымен олардың арасындағы техникалық ынтымақтастықты қолдау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайтын болады.
2. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмдi жүзеге асыру барысында жасалған кез келген интеллектуалдық меншiк ортақ меншiк болып табылады және;
а) айтылған меншiктi қолдау, енгiзу және жетiлдiру мақсатында осы интеллектуалдық меншiктi әрбiр Тараптың пайдалануына рұқсат етiлуi тиiс;
б) егер интеллектуалдық меншiктi Тарап және/немесе үкiмет атынан коммерциялық мақсатта пайдаланатын жағдайда екiншi Тарап табыстың тең үлесiн алуға құқылы болады деп келiстi.
3. Уағдаласушы Тараптар қайсыбiр жобаны немесе қызметтi жүзеге асыру үшiн бiр Уағдаласушы Тараптың екiншi Уағдаласушы Тарап аумағына әкелген интеллектуалдық меншiк құқығы үшiншi тараптың заңды құқықтарын бұзбайтын болады деп бiр-бiрiне кепiлдiк беруi тиiс.
4. Уағдаласушы Тараптар Уағдаласушы Тарап қайсыбiр жобаны немесе қызметтi жүзеге асыру мақсатында алып келген меншiктi иеленуге және интеллектуалдық меншiк құқығын пайдалану заңдылығына үшiншi елдiң бiлдiрген кез келген талаптарын бiр-бiрiне қоймайтын болады.
V-бап
Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң жүзеге асырылуын тексеру, осы Келiсiмдi жүзеге асыру барысында туындауы мүмкiн мәселелердi талқылау жөнiндегi және осы мақсаттарға жетуге қажеттi ұсыным жасау үшiн бiрлескен комиссия құруға келiседi.
Бiрлескен комиссия қажеттiлiгiне қарай өзара уағдаластық бойынша алмакезек Қазақстанда және Индонезияда жиналатын болады. Бiрлескен комиссия қажет болған жағдайда жұмыс топтарын құратын және осы кездесулерге қатысу үшiн сарапшылар мен кеңесшiлер тағайындайтын болады.
VI-бап
Осы Келiсiмдi түсiндiруге және/немесе жүзеге асыруға байланысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы кез келген даулар консультация және келiссөздер жолымен реттелетiн болады.
VII-бап
Осы Келiсiм оған қол қойған күннен бастап уақытша күшiне енедi және осы Келiсiмнiң күшiне енуiне қажеттi тиiстi конституциялық талаптардың орындалғаны туралы Уағдаласушы Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бiр-бiрiне хабарлайтын соңғы жазбаша хабарлама күнiнен бастап толық күшiне енедi.
VIII-бап
Осы Келiсiм 5 (бес) жыл бойы өз күшiнде қалады және егер Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы мерзiмi бiткенге дейiн 6 (алты) айдан кешiктiрмей жазбаша хабарлама жолдау жолымен оның қолданысын тоқтатпайтын болса, онда әрбiр ретте келесi 1 (бiр) жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылады.
IХ-бап
Осы Келiсiмнiң қолданысының тоқтатылуы осы Келiсiммен сәйкес жасалған кез келген келiсiмнiң және/немесе келiсiм-шарттың заңдық күшi мен қолданыс мерзiмiне осындай келiсiм және/немесе келiсiм-шарт аяқталғанға дейiн әсер етпейдi.
Уағдаласушы Тараптардың кез келгенi жазбаша нысанда осы Келiсiмдi түгелдей немесе оның бөлiмдерiн қайта қарауды немесе түзетудi талап ете алады. Уағдаласушы Тараптармен келiсiлген кез келген қайта қарау немесе түзету Уағдаласушы Тараптар белгiлеген күннен бастап күшiне енедi.
Осыны куәландыру ретiнде өз Үкiметтерiнен тиiстi түрде өкiлеттiк алған төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.
Алматыда 1995 жылы 7 сәуiрде екi дана етiп, әрқайсысы қазақ,индонезия, және ағылшын тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiннiң де күшi бiрдей.
Осы келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге байланысты пiкiр алшақтықтары туған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн