Кешен өнiмдерiнiң көлiктiк ағынын мемлекеттiк басқаруды, арналы мұнай-газ және мұнай өнiмдерi құбырларының жұмыс iстеуiн ТМД мемлекеттерiнiң осындай құрылымдарын үйлестiрудi, сондай-ақ мемлекеттiк мұқтаж үшiн отын жеткiзудi сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенiн қайта құрылымдауға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Шаруашылық жүргiзу құқығымен "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi жаңадан құрылатын мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы болып айқындалсын.
Уәкiлеттi орган бiр ай мерзiм iшiнде "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорнын құру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын аяқтасын.
3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорнын нормативтерге сәйкес техникамен, көлiкпен, қызметтiк үй-жаймен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi