Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 4 наурыздағы N 295

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1992 жылғы 14 қазанда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы

Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


              Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша

         Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда-экономикалық

                        ынтымақтастық туралы

                              КЕЛIСIМ



 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi, бұдан былай Уағдаласушы Тараптар деп аталады, екi ел арасындағы теңдiк пен өзара тиiмдiлiк принциптерiне негiзделген сауда қатынастары мен экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты да үйлесiмдi

 

дамуы үшiн қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтылып, осы Келiсiмдi жасасуға

ұйғарды және мыналар жайында уағдаласты:


                               1-бап


     Уағдаласушы Тараптар екi елдiң арасындағы өзара экономикалық

және сауда қатынастарын дамытуға Уағдаласушы Тараптар елдерiнде

қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жәрдемдесетiн болады.


                               2-бап



 
       Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне Уағдаласушы Тараптар елдерiнде шығарылған тауарлардың импорты мен экспортында үшiншi елдердiң тауарларына қатысты қолданылатындай мейлiнше қолайлы жағдайлар туғызатын болады.

 

     Жоғарыда баяндалған қағида Қазақстан Республикасы немесе Польша

Республикасы:

     а/ көршi елдермен шекаралық саудада жүзеге асыру үшiн;

     б/ Қазақстан Республикасымен немесе Польша Республикасымен бiрге

аймақтық экономикалық ұйымдарға, кедендiк одақтарға, еркiн

экономикалық аймақтарға, оның iшiнде еркiн сауда аймақтарына қатысушы

немесе қатысатын елдерге байланысты берген немесе беретiн

артықшылықтарға, жеңiлдiктер мен игiлiктерге қолданылмайды.


                               3-бап


     Халық шаруашылығының барлық сауда салаларындағы ынтымақтастық:

     - бiрлескен кәсiпорындар мен ұйымдар құру және дамыту;

     - коммерциялық байланыстарды дамыту;

     - мамандар алмасу;

     - консалтинг бойынша қызмет көрсету;

     - сауда-өнеркәсiп көрмелерi мен жәрмеңкелерiн ұйымдастыру;


 
       - ынтымақтастықтың өзара мүдделiлiк туғызатын басқа да нысандарын ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылатын болады.
 
                                4-бап
 
      Тауарлар берiп тұру мен қызмет көрсету, бiр жағынан Қазақстан Республикасының заңды ұйым мәртебесi бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi мен келесi жағынан Польша Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi, бұдан былай олар "Субъектiлер" делiнедi, арасында жасасылған контрактiлер негiзiнде халықаралық саудада қолданылып жүрген принциптер мен шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
 
                                5-бап
 
      Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы есеп айырысулар мен төлемдер халықаралық саудада және қаржы тәжiрибесiнде қабылданған шарттарға сәйкес еркiн айналыстағы валютамен жүргiзiлетiн болады.
      Уағдаласушы Тараптардың тиiстi органдарының уағдаластығы бойынша есеп айырысулар мен төлемдер, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптар елдерiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзгедей нысанда да жүзеге асырылуы мүмкiн.
 
                                6-бап
 
      Уағдаласушы Тараптардың тиiстi органдары екеуара принциптер негiзiнде Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң заңдарына сәйкес субъектiлерге өзара сауданы дамытуға ықпал ететiн өкiлдiктер, бюролар, стансалар мен техникалық қызмет көрсету пункттерiн құруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтiң өзге де мәселелерiн шешуге жәрдемдесетiн болады.
 
                                7-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң құзырлы органдары Уағдаласушы Тараптар елдерiнде қолданылып жүрген сыртқы экономикалық қызметтi реттеу саласындағы заңдар мен басқа да нормативтiк актiлер туралы ақпараттармен жүйелi түрде алмасып отыратын болады.
 
                                8-бап
 
      Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң әрқайсысы мүше болып отырған басқа Халықаралық Келiсiмдерден, Конвенциялардан, Шарттар мен Хаттамалардан туындайтын мiндеттемелерге қайшы келмейдi.
      Уағдаласушы Тараптар келесi Уағдаласушы Тараптың мүддесiне қатысты болатын Уағдаласушы Тараптар қол қойған жаңа халықаралық құжаттар туралы ақпарат алмасып тұрады.
 
                                9-бап
 
      Берiлетiн тауарлар Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң заңдарына сәйкес экспортқа шығарушының немесе экспортқа шығарушы елдiң құзырлы органдарының алдын-ала берген жазбаша келiсiмi арқылы ғана үшiншi елдерге қайтара экспортқа шығарылатын болады.
 
                               10-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар бiрлесiп Аралас Комиссия құрады. Комиссия осы Келiсiмнiң қағидаларын жүзеге асыруды талдайтын, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудiң қосымша мүмкiндiктерiн iздестiретiн, экономикалық ынтымақтастықты дамыту барысында туындауы мүмкiн проблемалардың шешiмiн ұсынатын болады.
      Комиссия қажетiне қарай, бiрақ жылына бiр реттен сиретпей, кезегiмен Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасында жиналып отырады.
 
                               11-бап
 
      Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң заңдарына сәйкес күшiне енгiзiледi, мұның өзi ноталар алмасу жолымен қуатталады.
      Соңынан келiп түскен нота алынған күн Келiсiм күшiне кiрген күн болып саналады.
      Уағдаласушы Тараптардың бiрiнен ұсынысы бойынша олардың өзара келiсiмi арқылы осы Келiсiмнiң өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
      Осы Келiсiм беймағлұм мерзiмге жасалады.
      Уағдаласушы Тараптардың қайсысының болсын өтiнiшi бойынша оның

 

бұзылуы мүмкiн және ол бұзу туралы нота алынған күннен бастап алты ай

өткеннен кейiн күшiн жояды.

     Осы Келiсiмнiң күшiн бұзған жағдайда оның қағидалары осы Келiсiм

күшiнде тұрған кезде қабылданған барлық мiндеттемелер толық

орындалғанға дейiн қолданылатын болады. Алматыда 1992 жылғы қазан

айында 14 жұлдызында әрқайсысы қазақ, поляк және орыс тiлдерiнде екi

түпнұсқа данада жасалды, әрi үш текстiң да күшi бiрдей.

     Уағдаласушы Тараптар арасында осы Келiсiмдi пайымдау жөнiнен

алауыздық туған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi текстi басшылыққа

алады.


     Қазақстан Республикасының             Польша Республикасының

           Үкiметi үшiн                          Үкiметi үшiн





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады