Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында 1949-1990 жылдары ядролық сынаулар салдарынан зардап шеккен халықты медициналық оңалту бағдарламасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 17 наурыздағы N 336

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында 1949-1990 жылдары ядролық сынаулар салдарынан зардап шеккен халықты медициналық оңалтудың қоса берiлiп отырған бағдарламасы (бұдан әрi - Халықты медициналық оңалту бағдарламасы) бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Қаржы министрлiгi "Полигон - 29 тамыз" қайырымдылық қорымен бiрлесiп Халықты медициналық оңалту бағдарламасын орындауды қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қаржы министрлiгi жанындағы сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетi, республиканың басқа да мүдделi орталық атқарушы органдары бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынаулардың зардабын жою үшiн шетел мемлекеттерiнiң инвестицияларын, озық технологиялары мен тәжiрибелерiн тарту жөнiнде қажеттi

шараларды жүзеге асырсын.
     4. Семей облысының әкiмi медицина мекемелерiн жекешелендiру
барысында Халықты медициналық оңалту бағдарламасын жүзеге асыру үшiн
қажеттi шаралардың басымдығын ескерсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 17 наурыздағы
                                         N 336 қаулысымен
                                            бекiтiлген

          Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында 1949-1990
          жылдары ядролық сынаулар салдарынан зардап шеккен
                     халықты медициналық оңалту
                            БАҒДАРЛАМАСЫ
___________________________________________________________________
             Шаралар                         | Орындалу мерзiмi
___________________________________________________________________
                      1                      |          2
___________________________________________________________________
I. Медициналық -демографиялық және әлеуметтiк
   салдарды бағалау жөнiндегi шаралар
   1. Ядролық сынаулардың ықпал аймағында
орналасқан елдi мекендер мен қалаларда тұрған
және тұратын адамдардың тiзiмiн қалпына
келтiру, кейiн оларды Қазақстан Мемлекеттiк
медициналық тiзiмiне енгiзу (тұрған жылдарын
көрсетiп):
     төтенше және барынша радиациялық тәуекел
     аймағы үшiн                                      1997 жыл
     жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық
     мәртебесi бар аймақ үшiн                         1998 жыл
     жоғары және төмен радиациялық тәуекелдегi
     аймақ үшiн
   2. Сәуле алған тұрғындардың арасындағы
радиациялық тәуекел топтарын құру жөнiндегi           1998-1999
талдау жұмысы                                         жылдар

II. Емдеу және материалдық-техникалық базаны
   дамыту жөнiндегi шаралар
   1. Семей қаласында Аймақаралық медициналық
оңалту орталығын құру (бұдан әрi-Медициналық          1997-2000
оңалту орталығы)                                      жылдар
   2. Семей қаласында Медициналық оңалту
орталығының құрамында Қазақстан Мемлекеттiк           2000 жылға
медицина тiзiлiмiн құру (жобалық ғимараттардың        қарай
шеңберiне кiредi)
   Оған ядролық сынаулардан зардап шеккендер мен
олардың ұрпақтары туралы барлық ақпаратты жинау -
тексеру, емдеу, оңалту қорытындылары
   3. Семей, Павлодар, Қарағанды және Шығыс
Қазақстан облыстарының зардап шеккен аудандары
аудандық ауруханаларының базасында Медициналық        1998-2000
оңалту орталығының филиалдарын ұйымдастыру            жылдар
   4. Семей қаласындағы Медициналық оңалту
орталығының базасында жылжымалы диагностикалық        1998-2000
лабораториялар ұйымдастыру және оларды жабдықтау      жылдар

III. Тексеру, емдеу, оңалту жөнiндегi шаралар

   1. Адамдарды радиацияның әсер етуiне
байланысты "белгiлi бiр ауруларды" анықтауға
арналған тексеру және азаматтарға мұндай
аурулардың бар екендiгiн растайтын медициналық
куәлiктер берудi ұйымдастыру
     төтенше және барынша радиациялық аймақ үшiн      1999 жыл
     жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi
     бар аймақ үшiн
     жоғары және төмен радиациялық тәуекелдегi
     аймақ үшiн                                       2000 жыл
   2. Радиацияның әсер етуiне себептiк байланысты
белгiлейтiн "белгiлi бiр аурулар" туралы Ереженi      1997 жыл
қайта қарау
   3. "Белгiлi бiр аурулары" бар екендiгi туралы
медициналық куәлiкке ие азаматтарға емдеу және        1999 жылдан
оңалту жүргiзу                                        бастап
   4. Алдын алудың, емдеудiң, оңалтудың және
радиациялық факторлардың кейiнгi ұрпаққа әсер
етуiн болжамдық бағалаудың тиiмдi әдiстерiн           Тұрақты
әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын
дамыту

IV. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөнiндегi
    шаралар
   1. 1949 жылы Қазақстандағы алғашқы атом            1997 жыл
жарылысы күнi және Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Жарлығымен 1991 жылы Семей
ядролық сынау полигонын жабу күнi болып
табылатын 29 тамызды "Семей ядролық сынау
полигонының құрбандарын Еске алу күнi ретiнде
белгiлеу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныс
енгiзу. Бұл күнi Семей қаласында және аймақтың
зардап шеккен басқа да қалалары мен поселкелерде
халықаралық жұртшылық пен Қазақстан
жұртшылығының проблемаға назарын аудару үшiн
халықаралық, республикалық және жергiлiктi
мәнi бар шаралар өткiзу.
   2. Халықаралық қоғамдастықтың назарын              29 тамыз
проблемаға аудару мақсатында Семей қаласында          1997 жыл
бұрынғы Семей сынау полигонындағы ядролық
сынаудың медициналық және экологиялық
зардаптарын жою мәселелерiне арналған
Халықаралық конференция өткiзу
   3. Хиросима, Невада, Чернобыль, РФ-ның             тұрақты
Алтай өлкесiнiң радиациядан зардап шеккен
азаматтарды медициналық оңалту жөнiндегi оңалту
проблемасының озық технологиялары мен тәжiрибесiн
зерделеу және енгiзу
   Жапония мен Қазақстан арасында осы салада
ынтымақтастықты дамыту жөнiнде үкiметаралық
келiсiмдер жасау. Шетелде тиiстi субъектiлермен
бiрлескен қоғамдар мен Қорлар құру.
   4. Ядролық сынаулардан зардап шеккен халықты       тұрақты
медициналық оңалтудың маңызды мәнiн және бұл
мәселедегi "Полигон-29 тамыз" қайырымдылық
қорының ролiн және Қор мемлекеттiк саясатты
қолдауға құрылғандығын ескерiп, бұл мәселеде:
   - "Полигон-29 тамыз" қорының жарғылық
мiндеттерi мен мақсатына қолдау жасалсын;
   - Қорға БҰҰ экономикалық және Әлеуметтiк
Кеңесi жанындағы мәртебесiнiң берiлуiне
жәрдемдесу, бұл БҰҰ Кеңесiнде тiркелген басқа
үкiметтiк ұйымдармен ынтымақтастық жасау үшiн
кең мүмкiндiк бередi.
   - Қорға ұйымдастыру тұрғысында қолдау көрсету

_______________________________________________________________
     Қаржыландыру көздерi   |        Орындаушылар
_______________________________________________________________
             3              |               4
_______________________________________________________________

         I.

1.                            Облыс әкiмдерi, Денсаулықминi,
                              "Полигон-29 тамыз" қоры
                              (бұдан әрi - қор)

         II.

1. Бюджеттен тыс қаражат      Қор, Сыртқыiсминi, Қаржыминi,
   (инвестициялар, гранттар,  Экономсаудаминi, Денсаулықминi,
   демеушiлiк, донорлық,      облыс әкiмдерi,
   шетелден және Қазақстанда
   қайырымдылық салымдар)

2. Орталық құрылысын салу     Денсаулықминi, Ғылымминi - Ғылым
   сметасында көзделедi       академиясы, Семей облысының әкiмi,
                              Қор

3.                            Облыс әкiмдерi, Денсаулықминi, Қор

4.                            Облыс әкiмдерi, Денсаулықминi, Қор


         III.

1. Республика бюджетiнде      Облыс әкiмдерi, Денсаулықминi,
   көзделiнедi                Еңбекәлеуметминi, Қор

2.                            Денсаулықминi, Қор

3. Республикалық бюджетпен    Облыс әкiмдерi, Денсаулықминi, Қор
   Қор қаражаттарында
   көрсетiлген қаржылар
   шегiнде

4.  Бұл да сол                Ғылымминi - Ғылым академиясы,
                              Денсаулықминi, Қаржыминi,
                              Экобиоресурсминi, Қор, Қазақстан
                              Медицина ғылымдары академиясы

         IV.

1. Демеушiлердiң, Қоғамдық    Облыс әкiмдерi, Қор, қоғамдық
   ұйымдардың қаражаты,       ұйымдар
   жергiлiктi бюджет

2. Демеушiлер, тиiстi         Облыс әкiмдерi, Денсаулықминi,
   министрлiктердiң           Сыртқыiсминi, Ғылымминi - Ғылым
   қаражаттары                академиясы, Экобиоресурсминi,
                              Қор, "Дәрiгерлер ядролық соғысқа
                              қарсы" қазақ ассоциациясы

3.                            Денсаулықминi, Сыртқыiсминi,
                              Ғылымминi - Ғылым академиясы,
                              Экобиоресурсминi, Қор

4.                            Экономсаудаминi, Сыртқыiсминi,
                              Мемлекеттiк құрылымдар, облыс
                              әкiмдерi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады