Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесiн құру туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 наурыздағы N 364 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1995 жылғы 26 мамырда Минск қаласында қол қойылған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесiн құру туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi


Соглашение *
о создании Совета по культурному сотрудничеству
государств-участников Содружества Независимых Государств

                      (Текстi орышадан қараңыз)

*(Вступило в силу 17 апреля 1997 года - Бюллетень международных
договоров Республики Казахстан, 2003 г., N 1, ст. 4)

  Вступает в силу со дня подписания, а для государств, законодательство которых требует выполнения внутригосударственных процедур, необходимых для вступления его в силу, - со дня сдачи соответствующих документов депозитарию

подписали: Азербайджанская Республика, Республика Армения, Республика Беларусь, Грузия, Республика Казахстан, Кыргызская Республика, Республика Молдова, Российская Федерация, Республика Таджикистан, Туркменистан, Республика Узбекистан, Украина

сдали соответствующие документы:

Республика Беларусь          - депонировано 27 июня 1995 года;
Республика Узбекистан        - депонировано 23 июля 1996 года;
Азербайджанская Республика   - депонировано 5 августа 1996 года;
Кыргызская Республика        - депонировано 9 декабря 1996 года;
Республика Таджикистан       - депонировано 17 декабря 1996 года;
Украина                      - депонировано 18 февраля 1997 года;
Республика Казахстан         - депонировано 17 апреля 1997 года;
Российская Федерация         - депонировано 30 июня 1998 года;
Республика Молдова           - депонировано 24 июня 2002 года;

сдали ратификационные грамоты:

Республика Армения           - депонирована 12 февраля 1996 года.

Соглашение вступило в силу со дня подписания

вступило в силу для государств:

Республика Узбекистан        - 26 мая 1995 года (со дня подписания);
Республика Таджикистан       - 26 мая 1995 года (со дня подписания);
Республика Беларусь          - 27 июня 1995 года;
Республика Армения           - 12 февраля 1996 года;
Азербайджанская Республика   - 5 августа 1996 года;
Кыргызская Республика        - 9 декабря 1996 года;
Украина                      - 18 февраля 1997 года;
Республика Казахстан         - 17 апреля 1997 года;
Российская Федерация         - 30 июня 1998 года;
Республика Молдова           - 24 июня 2002 года.

Примечание:

Уведомления о выполнении внутригосударственных процедур или уведомления об отсутствии необходимости их выполнения от Грузии и Туркменистана депозитарию не поступали.

      Правительства государств-участников настоящего Соглашения, далее - Стороны,
      стремясь к дальнейшему развитию культурного сотрудничества между государствами,
      осознавая, что развитие такого сотрудничества отвечает коренным интересам народов их государств, способствует достижению целей, провозглашенных Уставом ООН, Хельсинским Заключительным актом Совещания по безопасности и сотрудничеству в Европе, основополагающими документами Содружества Независимых Государств,
      полагая, что развитие культурного сотрудничества между государствами немыслимо без привлечения к их совместной работе международных и национальных неправительственных организаций, ассоциаций и объединений, заинтересованных в вопросах культуры,
      исходя из положений Соглашения о сотрудничестве в области культуры, подписанного 15 мая 1992 года в Ташкенте,
      согласились о нижеследующем:

                                Статья 1

      В целях проведения Сторонами скоординированной политики в области культуры, как она определена в статье 1 Соглашения о сотрудничестве в области культуры, подписанного 15 мая 1992 года в Ташкенте, создается Совет по культурному сотрудничеству государств-участников Содружества Независимых Государств, далее - Совет. Утвердить Положение о Совете, которое является неотъемлемой составной частью настоящего Соглашения (прилагается).

                                Статья 2

      Совет утверждает свои Правила процедуры и Регламент работы.

                                Статья 3

      Ничто в настоящем Соглашении не должно пониматься как ограничивающее права Сторон в области культурного сотрудничества.

                                Статья 4

      Настоящее Соглашение вступает в силу со дня подписания, а для государств, законодательство которых требует выполнения внутригосударственных процедур, необходимых для вступления его в силу, - со дня сдачи соответствующих документов депозитарию.

                                Статья 5

      Настоящее Соглашение утрачивает силу для Стороны, направившей депозитарию уведомление о своем желании выйти из Соглашения, через шесть месяцев после даты получения депозитарием соответствующего уведомления.

                                Статья 6

      Депозитарием настоящего Соглашения является Исполнительный Секретариат Содружества Независимых Государств.
      Совершено в городе Минске 26 мая 1995 года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится в Исполнительном Секретариате Содружества Независимых Государств, который направит каждому государству, подписавшему настоящее Соглашение, его заверенную копию. 

     За Правительство              За Правительство
     Азербайджанской Республики    Республики Молдова

     За Правительство              За Правительство
     Республики Армения            Российской Федерации

     За Правительство              За Правительство
     Республики Беларусь           Республики Таджикистан

     За Правительство              За Правительство
     Республики Грузия             Туркменистана
 
       За Правительство              За Правительство
     Республики Казахстан          Республики Узбекистан
 
       За Правительство              За Правительство
     Кыргызской Республики         Украины

1995 жылғы 26 мамырдағы     
Тәуелсіз Мемлекеттер      
Достастығына қатысушы      
мемлекеттердің Мәдени      
ынтымақтастық жөнiндегi     
кеңесін құру туралы Тәуелсіз   
Мемлекеттер Достастығы Үкімет   
басшылары кеңесінің келiсiмімен  
БЕКІТІЛГЕН            
(2011 жылы 18 қарашадағы редакцияда)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесі туралы
ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.08.2013 № 798 қаулысымен.

I. Жалпы ережелер

      1.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы болып табылады және өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз ету және мәселелерді шешу үшін құрылған.
      1.2. Кеңес өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, ТМД шеңберінде қабылданған шарттар мен шешімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
      1.3. Кеңес ТМД Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі және Экономикалық кеңесі қабылдаған Кеңестің құзыретіне қатысты шешімдердің орындалуын ұйымдастыруға және үйлестіруге арналған.
      1.4. Кеңсе ТМД-ның Атқарушы комитетімен, ТМД-ның басқа органдарымен, қажет болған жағдайда – басқа халықаралық ұйымдардың хатшылықтарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
      1.5. Кеңес өз қызметінде ТМД Үкімет басшыларының кеңесіне есеп береді.
      1.6. Кеңестің жұмысы туралы есеп белгіленген тәртіппен ТМД-ның Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Экономикалық кеңесінің, Достастықтың жарғылық және басқа органдары жанындағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің, сондай-ақ ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралады.
      1.7. Кеңес жыл сайын ТМД-ның Атқарушы комитетіне өз қызметі туралы ақпарат ұсынады.
      1.8. Кеңестің жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.

II. Кеңестің функциялары

      Кеңес өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды орындайды:
      2.1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастығы мәселелерін қарау.
      2.2. ТМД шеңберінде мәдени байланысты жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылын қоса алғанда мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытудың мүмкіндіктерін зерделеу, ТМД шеңберіндегі мәдениет саласындағы үдерістер мен үрдістердің ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мүдделілігімен сәйкестігін зерделеу.
      2.3. Көпжақты халықаралық шарттардың, кешенді бағдарламалар мен Кеңестің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша басқа құжаттардың жобаларын әзірлеу, мәдениет саласындағы бірлескен іс-шаралар өткізу.
      2.4. Мәдениет саласындағы келісілген іс-қимылдар әзірлеуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет саласындағы мемлекеттік билік органдарына, қоғамдық ұйымдарына жәрдемдесу.

III. Кеңестің құқықтары

      Кеңестің мынадай құқықтары бар:
      3.1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде және ТМД-ның салалық ынтымақтастық ұйымдарында белгіленген тәртіппен өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұрату.
      3.2. ТМД-ның Мемлекет басшылары кеңесінің және Үкімет басшылары кеңесінің қарауына белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізу.
      3.3. Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттардың жобаларын дайындау үшін тұрақты немесе уақытша жұмыс топтарын құру.
      3.4. Өз құзыреті шегінде шешімдер мен ұсынымдар қабылдау.
      3.5. Өз құзыретіне кіретін басқа да мәселелерді шешу.

IV. Кеңесті құру тәртібі

      4.1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет саласындағы мемлекеттік билік органдарының басшылары кеңестің мүшелері болып табылады.
      Кеңестің отырысына Кеңес мүшелерін алмастыратын тұлғалар жіберілген жағдайда олардың өкілеттігі расталуы тиіс.
      4.2. Кеңесте әрбір мемлекет бір дауысқа ие.
      4.3. Кеңестің құрамына кеңесші дауыс құқығымен Кеңес хатшылығының жетекшісі, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілі кіреді.
      4.4. Кеңестің отырысына кеңесші дауыс құқығымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет және өнер қайраткерлерінің халықаралық және ұлттық қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатыса алады.
      4.5. Кеңестің отырысына ТМД құрамына кірмейтін мемлекеттердің өкілдері қатыса алады.
      Осы Ереженің 4.4 және 4.5-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға шақыруды Кеңестің төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша ТМД-ның Атқарушы комитеті жібереді.

V. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

      5.1. Кеңестің отырыстары жылына кемінде бір рет өткізіледі.
      Кеңестің кезектен тыс отырысы егер оны Кеңес мүшелерінің көпшілігі қолдаса, Кеңестің кез келген мүшесінің ұсынысы бойынша өткізілуі мүмкін.
      5.2. Кеңестің отырысы егер оған оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, заңды болып танылады.
      5.3. Кеңестің кезекті отырысын өткізу Кеңес мүшелерінің уағдаласуы бойынша алдыңғы отырыста анықталады.
      Кезекті отырыстың қалыптастырылған күн тәртібі Кеңес мүшелері енгізген өзге де мәселелермен толықтырылуы мүмкін.
      5.4. Кеңестегі төрағалық ТМД-ға қатысушы әрбір мемлекеттің жауапты өкілі арқылы орыс әліпбиіндегі ретпен кезектесіп, әдетте, бір жыл ішінде жүзеге асырылады.
      Кеңестің алдыңғы және кейінгі төрағалары оның тең төрағалары болып табылады. Кеңестің төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттері тең төрағалардың біріне жүктеледі.
      5.5. Кеңестің төрағасы Кеңестің жұмысына жалпы басшылық етеді, Кеңестің отырыстарын өткізеді, Кеңестің қызметіне байланысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен ТМД органдарында Кеңестің атынан өкілдік етеді, құжаттарға қол қояды және оларды Кеңестің атынан жолдайды, Кеңестің қызметін қамтамасыз етуге байланысты өзге де іс-қимылдар жасайды.
      5.6. Кеңестің шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
      Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
      Кеңестің кез келген мүшесі қандайда бір мәселеде өзінің мүдделі еместігін мәлімдей алады, бұл шешім қабылдауға кедергі ретінде қаралуы тиіс емес. Шешіммен келіспейтін Кеңес мүшелері отырыстың хаттамасына енгізілетін ерекше пікір білдіре алады.
      Кеңестің отырысы хаттамамен рәсімделеді, оған Кеңес қабылдаған шешімдер енгізіледі. Хаттамаға Кеңестің төрағасы қол қояды.
      Кеңес қабылдаған құжаттарды есепке алу мен сақтауды ТМД-ның Атқарушы комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
      5.7. Кеңес мүшелері қажет болған жағдайда Кеңес белгілеген мерзімде қабылданған шешімдердің іске асырылуы туралы Кеңестің төрағасын хабардар етеді.
      5.8. Кеңестің отырысында қарауға арналған материалдарды Кеңестің мүшелері де, Кеңестің шешімі бойынша құрылған жұмыс топтары да енгізуі мүмкін.
      5.9. Жеке мәселелер бойынша Кеңестің шешімдері жұмыс тәртібімен қабылдануы мүмкін және олар Кеңестің кезекті отырысы хаттамасының мәтініне енгізіледі.

VI. Кеңестің Хатшылығы

      6.1. Кеңес Хатшылығының функциялары басшысы Кеңесте төрағалық ететін ТМД-ға қатысушы мемлекеттің мәдениет саласындағы мемлекеттік билік органына ТМД-ның Атқарушы комитетінің құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп жүктеледі.
      6.2. Кеңес Хатшылығының жетекшісі басшысы Кеңесте төрағалық ететін ТМД-ға қатысушы мемлекеттің мәдениет саласындағы мемлекеттік билік органының өкілі, ал Хатшылық жетекшісінің орынбасары ТМД-ның Атқарушы комитетінің өкілі болып табылады.
      6.3. Хатшылық Кеңес қызметін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      6.4. Хатшылық Кеңестің кезекті отырысына қажетті материалдардың дайындалуын ұйымдастырады және олармен Кеңестің мүшелерін отырыстың өткізілу күніне дейін бір айдан кешіктірмей қамтамасыз етеді.

VII. Қаржыландыру

      7.1. Кеңестің отырыстарын өткізуді қаржыландыруға байланысты шығыстар ТМД-ға қатысушы, қабылдаушы мемлекеттің тиісті мемлекеттік билік органдарының есебінен жүзеге асырылады.
      7.2. Кеңестің мүшелерін және отырысқа қатысушыларды іссапарға жіберу шығыстарын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жіберуші мемлекеттік билік органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады