Ертiс су электр станциялары каскадына халықаралық тендер өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 19 наурыздағы N 369

      Ертiс су электр станциялары каскадын қаржы-экономикалық сауықтыру үшiн инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi департаментi Семей қаласының 1-ЖЭО және 2-ЖЭО жекешелендiрумен "Шульба СЭС" акционерлiк қоғамын және Өскемен ЖЭО, Лениногор ЖЭО және Согринск ЖЭО жекешелендiре отырып "Өскемен СЭС" акционерлiк қоғамын мүлiктiк жалдауға (концессияға) беру жөнiнде белгiленген тәртiппен халықаралық тендерлер өткiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi департаментiмен бiрлесiп бiр апта мерзiмде жоғарыда аталған тендерлердi өткiзу тәртiбi мен шарттарын әзiрлесiн және Үкiметтiң келiсуiне енгiзсiн. Тендердiң шарттарын 1997 жылдың 21 наурызына дейiн бұқаралық құралдарында жарияласын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады