1. "Каспий Құбыр арнасы Консорциумы-Р" және "Каспий Құбыр арнасы Консорциумы-К" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" 1996 жылғы 6 желтоқсандағы Шарт, Каспий Құбыр арнасы Консорциумын қайта ұйымдастыру туралы Шарт және акционерлердiң Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Оман Сұлтанаты Үкiметтерi мен "Оман Ойл Компани Лимитед", "Шеврон Оверсиз Петролеум Инк." компаниялары, "ЛУКОЙЛ мұнай компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы, "Мобил Корпорейшн" компаниясы, "Роснефть мұнай компаниясы" ашық акционерлiк қоғамымен, "Аджип СпА", "Бритш Газ Эксплорейшн энд Продакшн" компанияларымен, "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясымен, "Орикс Энерджи Компани" компаниясымен және Каспий Құбыр арнасы Консорциумы Лимитед (бұдан былай - акционерлер шарты) арасындағы шарттар мақұлдансын.
2. "Казахойл" ұлттық мұнай-газ компаниясының президентi "Каспий Құбыр арнасы Консорциумы-К" (КҚАК-К) және "Каспий Құбыр арнасы Консорциумы-Р" (КҚАК-Р) акционерлер кеңестерiнде оларда өзiнiң уәкiлеттi өкiлiн тағайындау құқығымен Қазақстан Республикасы үкiметiнiң өкiлеттi өкiлi болып тағайындалсын.
3. "Казахойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы Қазақстан Республикасына КҚАК-К мен КҚАК-Р бөлiнген акциялардың тiркелген акция ұстаушысы және "Қазақстандық вексельдi" - "КҚАК-К" жабық акционерлiк қоғамының екiншi дәрежелi қарыз мiндеттемесiн ұстаушы болып айқындалсын, бұл жағдайда аталған акцияларға билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Үкiметiнде қалдырылады.
4. "Казахойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы "КҚАК-К" жабық акционерлiк қоғамының атқарушы органында өз өкiлдерiн тағайындасын.
5. Каспий Құбыр арнасы Консорциумы жөнiндегi келiсiмге және "Каспий Құбыр арнасы Консорциумы-К" (бұдан былай - КҚАК) жабық акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң Шартына сәйкес;
Қазақстан Республикасының аумағында Каспий Құбыр арнасы Консорциумының қайта ұйымдастырылған жобасын жобалауға, құрылыс салуға, иелiк етуге, қаржыландыруға, пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге тiкелей құқылы;
Қазақстан Республикасының аумағында Каспий Құбыр арнасы Консорциумының жүйесi бойынша сұйық көмiрсутектерiн тасымалдау жөнiнде көрсеткен қызметтер үшiн тариф белгiлейдi және алады;
Қазақстан Республикасының аумағында Каспий Құбыр арнасы Консорциумының жүйесiн кiмдер пайдалана алатындығын айқындайтын ережелердi реттейдi және бекiтедi деп белгiленсiн.
6. Заң актiлерiн, халықаралық шарттарды жасау, өзгерту немесе күшiн жою кезiнде шетелдiк инвесторлардың КҚАК-К-дегi экономикалық қызметi жағдайын нашарлататын болса, оның шетелдiк инвесторлары заңның, шарттардың ережелерiне және КҚАК-К-дегi шетелдiк инвесторлар шығарған бастапқы инвестициялар сәтiнде қолданылған талаптарға жүгiне алады деп белгiленсiн.
7. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес былай деп белгiленсiн:
сұйық көмiрсутектерiн халықаралық тасымалдау бойынша көрсетiлетiн қызметтерге Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда нольдiк ставка бойынша салық салынады;
Қазақстан Республикасынан қазақстандық құбыр арнасы активтерiн КҚАК-К пайдасына беру және бұл активтердiң Қазақстан Республикасына қайтарылатын мүмкiндiгi қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
8. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары заңға сәйкес Каспий Құбыр арнасы Консорциумының қайта ұйымдастырылған жобасын жобалауды, құрылыс салуды, пайдалануды және техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге қажеттi лицензиялар мен өзге де рұқсаттар берсiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы жоба бойынша мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi