Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 наурыз N 399. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.04. N 1700 қаулысымен

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк

комитетi туралы қоса берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 24 наурыздағы

                                          N 399 қаулысымен

                                             бекiтiлген


          Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi

                    мемлекеттiк комитетi туралы

                              ЕРЕЖЕ


                        1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Комитет) тiкелей инвестицияларды ынталандырудың, басқарудың, оларды тарту мен пайдалану саласында үйлестiрудiң мемлекеттiк саясатын жүзеге асыратын орталық және бiрден

 

бiр атқарушы орган болып табылады.

     2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының

Конституциясын, заң актiлерiн, Қазақстан Республикасының Президентi

мен Үкiметi шығаратын нормативтiк актiлердi, Қазақстан Республикасы

бекiткен халықаралық шарттар мен келiсiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi

басшылыққа алады.


            II. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, қызметтiң

                        бағыты және функциялары


     3. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:

     экономиканың басымдықты секторларына тауарлар өндiрудi;

     жұмыстарды және қызмет көрсетулердi жедел дамытудың қамтамасыз

ету үшiн қолайлы инвестициялық ахуал туғызудағы мемлекеттiк саясатты

жүзеге асыру;

     жаңа технологияларды, озық техникаларды және ноу-хауды енгiзу;

     iшкi рынокты жоғары сапалы тауарлармен және қызмет көрсетулермен

қанықтыру;

     отандық тауарлар өндiрушiлерге мемлекеттiк қолдау көрсету және

ынталандыру;

     экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндiрiстi дамыту;

     Қазақстан Республикасының шикiзат базасын ұтымды және кешендi

пайдалану;

     менеджмент пен маркетингтiң қазiргi кездегi әдiстерiн енгiзу;

     жаңа жұмыс орындарын құру;

     жергiлiктi кадрларды үздiксiз оқыту, олардың бiлiктiлiк деңгейiн

арттыру жүйесiн енгiзу;

     қоршаған табиғи ортаны жақсарту болып табылады.

     4. Комитет қызметiнiң негiзгi бағыттары:

     тiкелей шетелдiк және отандық инвестицияларды ынталандыру

жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жасау;


 
       отандық және шетелдiк инвесторлармен жұмыс жасаудың жүйесiн құру, тiкелей инвестицияларды ынталандыру және инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының экономикасы және тiкелей инвестициялардағы қажеттiлiгi туралы ақпараттық материалдарды әзiрлеу және тарату;
      тiкелей инвестицияларды тарту мақсатында конференциялар, көрмелер және басқа да шаралар ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен, басқа да мемлекеттiк органдармен бiрлесiп тiкелей шетелдiк және отандық инвестицияларды тарту және пайдалану мәселелерiнде есеп жүргiзу мен есеп берудi ұйымдастыру болып табылады.
      5. Комитет мынадай функцияларды орындайды:
      тiкелей инвестицияларды тарту және пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру шаралары жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      экономиканың басымдықты секторлары бойынша инвестициялық бағдарламалар мен жобалар әзiрлеуге қатысады;
      тiкелей инвестициялардың есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеудi және сараптауды ұйымдастырады және оларды жүзеге асыру жөнiнде шаралар қабылдайды;
      Қазақстан Республикасына тiкелей инвестициялар тарту жөнiнде келiссөздер ұйымдастырады және оған қатысады;
      елдегi инвестициялық ахуалды жақсарту, тiкелей инвестицияларды тарту және тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;
      Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, дипломаттық миссияларының және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң тiкелей инвестицияларды тарту және пайдалану мәселелерiндегi жұмысын үйлестiредi;
      тiкелей инвестициялардың тиiмдi пайдаланылуын бақылау жасауды ұйымдастырады;
      кепiлдік қорын құру үшiн қажеттi кәсiпорындармен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiн қалыптастыруды қамтамасыз етедi.
 
                     III. Комитеттiң өкiлеттiгi
      6. Комитетке өзiне жүктелген функцияларды орындау үшiн:
      өз құзыретiнiң шегiнде министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен инвестициялық ынтымақтастық және тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзуге және халықаралық шарттарға қол қоюға;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпараттар сұратуға және алуға;
      белгiленген тәртiппен басқа да мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың басшылары мен мамандарын шақыра отырып өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңес шақыруға;
      Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмдерiнiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзуге;
      инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы екiжақты келiсiмдердi бекiту жөнiнде ұсыныс әзiрлеуге және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзуге;
      сараптаманы жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмдерiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар актiлерiнiң жобасын жасауға тiкелей инвестицияларды ынталандыру бөлiгiнде қатысуға;
      инвесторларға мемлекеттiк заттық кепiлдiк, салықтық және кедендiк жеңiлдiктер беруге;
      келiссөздер жүргiзуге, инвестициялық келiсiм-шарттарды жасасудың және оларды бұзудың талаптары мен тәртiбiн айқындауға, келiсiм-шарттарға қол қоюға және оларды тiркеуге, олардың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға құқық берiледi.
 
                IV. Комитеттiң қызметiн ұйымдастырудың
                          негiзгi мәселелерi
 
      7. Комитеттi орынбасарлары: атқарушы директоры және директорлары бар Төраға басқарады.
      Комитеттiң төрағасы мен атқарушы директорын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
      Директорларды Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi тағайындайды.
      Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету шарттары бойынша атқарушы директор министрдiң, директоры вице министрдiң лауазымына теңестiрiледi.
      8. Комитеттiң төрағасы комитетке жүктелген функциялардың орындалуы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады, атқарушы директор мен директорлардың мiндеттерiн айқындайды.
      9. Комитетте оның Төрағасы (Кеңестiң төрағасы), атқарушы директор және лауазымдары бойынша директорлар және Комитеттiң қызметiмен байланысты өзге де адамдар кiретiн Директорлар кеңесi құрылады.
      Комитеттiң Директорлар кеңесiнiң жеке құрамын Комитеттiң төрағасы бекiтедi.
      10. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен комитеттерiнiң, қоғамдық ұйымдардың, фирмалардың, халықаралық қаржы ұйымдарының және банктердiң басшыларын шақыра отырып Консультативтiк кеңес және басқа да кеңесшi органдар құруға құқы бар.
      11. Комитеттiң өкiлдiктерiн қоса алғандағы қызметкерлерiнiң санын, құрылымын еңбекке ақы төлеудiң шарты мен қорын, сондай-ақ кеңесшiлердi, Консультанттары және сарапшыларды тартудың тәртiбi мен шарттарын Комитеттiң төрағасы бекiтедi. Лауазымдық жалақылардың мөлшерлерi республикалық бюджеттi бекiту кезiнде белгiленетiн есептi көрсеткiштерге сәйкес түзетiледi.
      12. Комитет заңды тұлға болып табылады, Қазақстан

 

Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ, орыс

және ағылшын тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi, валюталық шотын қоса

алғанда, банктерде шоттары болады.

     Комитеттiң орналасқан жерi - Алматы қаласы.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады