Мұнайды және мұнай өнiмдерiн тасымалдау, экспорттау мен импорттау мәселелерiнде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғауды арттыру, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың басқару құрылымдарын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк мен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп заңда белгiленген тәртiппен:
"Южнефтепровод" өндiрiстiк бiрлестiгi (Ақтау қаласы) және "Қазақстан және Орта Азия арналы мұнай құбыры" өндiрiстiк бiрлестiгi (Павлодар қаласы) - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын - бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырсын және қайта ұйымдастырылған кәсiпорын базасында жабық акционерлiк қоғам нысанында "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясын құрсын;
құрылатын "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы активтерiнiң тiзбесiн, құрылымын және жарғылық капиталының көлемiн айқындасын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.09.21. N 1357
қаулысымен. P971357_
2. Бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғысы бекiтiлсiн және тiркеуден өткiзiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.09.21. N 1357
қаулысымен. P971357_
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi