Қазақстан Республикасының түстi металлургиясын дамыту мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 сәуiрдегi N 482

      Жезқазған облысындағы Балқаш аймағының түстi металлургия кәсiпорындары жұмысының экологиялық қауiпсiздiгiн тұрақтандыру және оған жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi:
      "Samsung Deutshland GMBH" фирмасының басқарушысымен бiрлесiп ластаушы заттардың қоршаған табиғи ортаға тастауларын кәдеге жарату жөнiндегi объектiлер кешенiнiң құрылысын салуды көздейтiн Балқаш таукен-металлургия комбинаты қызметiнiң экологиялық бағдарламасын әзiрлесiн және оны бекiтсiн;
      табиғат қорғау объектiлерiн салу кезеңiне арнап онда комбинаттың өндiрiстiк қызметiнiң нәтижесiнде пайда болған ластаушы заттарды шығарып тастағаны, тастағаны және сақтағаны үшiн төлемдердiң мөлшерлерiн көздеп арнаулы табиғат қорғау ережелерiнде шарт әзiрлесiн және заңдарда белгiленген тәртiппен Балқаш таукен-металлургия комбинатымен шарт жасассын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
      белгiленген тәртiппен Балқаш таукен-металлургия комбинатының көлiк құралдарын өз минералдық шикiзаттарын тасымалдау үшiн республиканың темiр жол жолдарында пайдалануға рұқсат етсiн;
      "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына комбинат үшiн қажеттi рудаларды тасымалдауды ұйымдастыру жөнiнде Балқаш таукен-металлургия комбинатымен бiрлескен қызмет туралы шарттар әзiрлеудi тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады