Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару мектебiне тыңдаушылар қабылдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 4 сәуiрдегi N 484

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару мектебiне бiр жылдық оқу циклына (1997/98 оқу жылы) 25 адам санында және екi жылдық оқу циклына (1997/99 оқу жылы) 30 адам санында тыңдаушылар қабылдау жариялансын. Мектепке қабылдау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiнде, Премьер-Министрдiң Кеңсесiнде, Парламент, Жоғарғы Сот және басқа да соттар Аппараттарында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнде, Орталық сайлау комиссиясында, министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарда, жергiлiктi атқарушы органдарда, мәслихаттар мен әкiмдер аппараттарында мемлекеттiк лауазымдарда қызмет атқаратын азаматтар, Ұлттық Банк қызметкерлерi, оның органдары мен бөлiмшелерi, екiншi деңгейдегi мемлекеттiк банк қызметкерлерi, ғылыми қызметкерлер мен аспиранттар, сондай-ақ "мемлекеттiк және муниципальдық басқару", "мемлекеттiк қызмет", "экономика және менеджмент" мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарын бiтiрушiлердiң есебiнен жүргiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ұлттық

Жоғары Мемлекеттiк Басқару мектебi белгiленген квота шегiнде (55
адам) 11 тыңдаушыны қабылдауды ақылы оқыту негiзiнде жүргiзудi
шешсiн.
     Тыңдаушыларды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша,
ал ақылы оқуға түсушiлер ауызша емтихан нәтижелерi бойынша конкурстық
негiзде жүзеге асырылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады