Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Мұнай-газ өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 7 сәуiрдегi N 487

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1996 жылғы 16 қыркүйекте Баку қаласында қол қойылған

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы

Үкiметiнiң арасындағы Мұнай-газ өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық

туралы келiсiм бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмiн белгiленген тәртiппен

Әзiрбайжан Тарабына хабарласын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


           Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан

            Республикасы Үкiметiнiң арасындағы мұнай-газ

             өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық туралы

                            КЕЛIСIМ



 
       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi мен мұнай-газ өнеркәсiбi саласында ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
      ұзақ мерзiмдiлiк негiзiнде мамандандыру, кооперация мен технологиялық жағынан өзара байланысты өндiрiстердi сақтау және дамытудың орындылығына сүйене отырып,
      мұнай-газ салаларында ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың мақсатты бағдарламалары мен жобаларын бiрлесе әзiрлеу мен жүзеге асыру қажеттiгiн мойындай отырып,
      мұнай-газ салаларында шикiзат базасын тиiмдi пайдаланудағы, бiрлескен кәсiпорындар мен мемлекетаралық компаниялар ұйымдастырудағы, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасында нарықтық қатынастарды жетiлдiру үшiн қолайлы жағдайлар жасаудағы Тараптардың өзара мүдделілiгiн ескере отырып,
      төмендегi туралы келiстi:
 
                               1-бап
 
      Тараптар өзара тиiмдiлiк, өзара көмек пен бiр-бiрiне экономикалық залал келтiретiн iс-әрекеттерге жол бермеу негiзiнде мұнай-газ салаларында ынтымақтастықты барынша дамытатын болады.
 
                               2-бап
 
      Тараптар Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Әзiрбайжан Республикасының Мемлекеттiк Мұнай Компаниясына, "Азеригаз" Мемлекеттiк Компаниясына меншiктiң түрлi нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң отын-энергетика ресурстары мен басқа да тауарларды өзара байланыста берудi жүзеге асыру жөнiндегi, сондай-ақ мұнай-газ салаларындағы жұмыстарды орындау мен қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарын үйлестiрудi қамтамасыз етудi тапсырады.
 
                               3-бап
 
      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының аумақтарындағы бiрлескен қызмет аймақтары, мұнай және газ кен орындарын барлау, жайластыру және игеру, мұнай-газ салалары мен оның инфрақұрылымдары объектiлерiн жөндеу және салу жөнiндегi жұмыстардың көлемi, отын-энергетика ресурстарын өңдеу және мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету көлемi, сондай-ақ қажет болғанда отын-энергетика ресурстары мен басқа тауарларды өзара беру көлемi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Әзiрбайжан Республикасының Мемлекеттiк Мұнай Компаниясының, "Азеригаз" Мемлекеттiк Компаниясының арасындағы жыл сайынғы жеке хаттамалармен айқындалатын болады деп келiстi.

 

     Өзара байланысты өнiм берулердi жүзеге асыру мен берешек үшiн

сыртқы экономикалық шарттарды (контрактiлердi) жасаған шаруашылық

жүргiзушi субъектiлер жауапкершiлiкте болады.


                             4-бап


     Тараптардың кәсiпорындары мен ұйымдарының арасындағы өнiм беру

үшiн, сондай-ақ жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетулер үшiн есеп

айырысулар келiсiмдi бағалар бойынша еркiн өтiнiмдi валютада немесе

басқа өзара келiсiлген тәсiлмен жүзеге асырылатын болады.


                              5-бап


     Тараптар Тараптардың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес

меншiктiң түрлi нысанындағы бiрлескен кәсiпорындар құруға

жәрдемдесетiн болады.


                              6-бап



 
       Тараптар ұлттық энергетикалық бағдарламаларды әзiрлеу кезiнде мұнай-газ салаларында интеграциялық байланыстарды одан әрi тереңдету, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту және жаңа технологияларды енгiзу мақсатында өзара консультациялар жүргiзуге келiстi.
 
                               7-бап
 
      Тараптар халықаралық танылған экологиялық стандарттарға жылдамырақ қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн бiрыңғай әдiстемелiк ыңғайлардың негiзiнде мұнай-газ салаларында экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу және оны жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайтын болады.
 
                              8-бап
 
      Тараптар табиғи зiлзалалар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде өзара iс-қимыл жасайтын, сондай-ақ мұнай-газ салалары объектiлерi жұмысының сенiмдiлiгi мен орнықтылығын арттыру жөнiндегi жекелеген бiрлескен жұмыстарды қаржыландыратын болады.
 
                              9-бап
 
      Тараптар өз аумақтары арқылы өтетiн арналы мұнай-газ құбырларының орнықты жұмысын қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi шаралар қабылдайтын және көмiрсутегi шикiзатының өткінiн кедергiсiз жүзеге асыратын болады.
      Тараптардың экспортқа арналған энергия ресурстары өткiнiнiң көлемi мен шарттары Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Әзiрбайжан Республикасының Мемлекеттiк Мұнай Компаниясының, "Азеригаз" Мемлекеттiк Компаниясының арасындағы хаттамалармен айқындалатын болады. Аталған хаттамалар осы Келiсiмнiң

 

ажырамас бөлiгi болып табылады.


                              10-бап


     Тараптар Ақтау және Баку теңiз порттары арқылы жүктер мен

жабдықтарды беру жөнiнде бiрлескен жұмысты жүзеге асыру, аталған

порттар арқылы мұнай және мұнай өнiмдерiн беруге жәрдемдесу және

мұнай құю кемелерiн пайдалануда қабылданымды шешiмдер табу ниетiнде.


                              11-бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерiне түсiнiк беру немесе оларды қолдануға

байланысты туындайтын мәселелер келiссөздер мен консультациялар

арқылы немесе Тараптарға басқа қабылданымды тәсiлмен шешiлетiн

болады.


                              12-бап


     Тараптар Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi

министрлiгi мен Әзiрбайжан Республикасының Мемлекеттiк Мұнай

Компаниясына, "Азеригаз" Мемлекеттiк Компаниясына осы Келiсiмнiң

орындалу барысы туралы ақпаратпен жедел алмасу ұйымдастыруды

тапсырады.


                              13-бап



 
       Тараптар өзара келiсiп осы Келiсiмге қажеттi толықтырулар мен өзгертулер енгiзе алады, олар тиiстi хаттамалармен ресiмделедi.
 
                               14-бап
 
      Осы Келiсiм тиiстi мемлекетiшiлiк процедураларды орындау туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасының датасынан бастап күшiне енедi және Тараптардың бiрiнiң оның күшi тоқтатқысы келетiн өзiнiң ниетi туралы басқа Тарапқа жазбаша түрде хабарлаған күннен бастап

 

екi ай өткенге дейiн күшiнде қала беретiн болады.

     1996 жылы 16 қыркүйекте Баку қаласында екi түпнұсқа данада,

әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде жасалды, мұнда

барлық мәтiн бiрдей заңды күшке ие.

     Келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi

мәтiндi басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының         Әзiрбайжан Республикасының

          Үкiметi үшiн                       Үкiметi үшiн





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады