Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсiптiк өндiрiстi тұрақтандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 554

      Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсiптiк өндiрiстi тұрақтандыру, өнiм шығару мен қызмет көрсетулер көлемiнiң өсуiн қамтамасыз ету, қосымша жұмыс орындарын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Шығыс Қазақстан облысының әкiмi екi айлық мерзiм iшiнде 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған Шығыс Қазақстан облысының түстi металлургия кәсiпорнын, сирек металл және сирек жерлiк өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасын әзiрлесiн және ұсынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi, Шығыс Қазақстан облысының әкiмiмен бiрлесiп кәсiпорындардың республиканың өндiрiстiк рыногындағы кооперациялық байланыстарын дамытудың есебiнен "Мұнайгазмаш" акционерлiк қоғамы мен "Конденсатор заводы" акционерлiк қоғамы өндiретiн тауарлармен iшкi рынокты өзi қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлесiн және ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсенов, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеев Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен (А.С.Павлов), Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетiмен (Ғ.Е.Қасымов) бiрлесiп үстiмiздегi жылдың 25 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары әкетпестен металлургиялық заводтардың қолда бар өндiрiстiк қуаттарымен түстi металдар қоспаларын қайта өңдеудi ынталандыруды қамтамасыз ететiн ұсыныс әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Шығыс Қазақстан облысының әкiмi "Ертiс полиметал комбинаты" акционерлiк қоғамы мен "Белогор кен байыту комбинаты" акционерлiк қоғамын қайта құру рәсiмдерiн жүргiзу кезеңiнде табиғат қорғау объектiлерiн авариясыз жағдайда ұстап тұру жөнiнде шара әзiрлесiн және оларды қаржыландырудың көздерi туралы мәселе қарасын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен, Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп Шығыс Қазақстан облысы тау-кен - металлургия кешенi кәсiпорындарының одан әрi пайдалану экономикалық жағынан мақсатсыз объектiлерiн жою бағдарламасын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен бекiтуге енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Шығыс Қазақстан облысының әкiмiмен бiрлесiп "Ертiс химия-металлургия заводы" акционерлiк қоғамының сирек металл өндiрiсiнiң, "Үлбi металлургия заводы" акционерлiк қоғамының тантал заводының және "Құндыбай" итрий-сирек жер кен орнының қатысуымен бiртұтас технологиялық кешен құру туралы, сондай-ақ "Ертiс химия-металлургия заводы" акционерлiк қоғамы 259,1 миллион теңге сомасына мемлекеттiк материалдық резервтерден алған тауарлық несиенi өтеу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi белгiленген тәртiппен Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласын Қазақстанның Ұлттық банкiнiң траншы арқылы зейнетақы төлеуге қаражат алатын қалалардың тiзiмiне кiргiзсiн.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады