Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы желтоқсандағы Австралияға ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 28 сәуiрдегi N 676

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы желтоқсандағы Австралияға ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру және қазақстан-австралия ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы желтоқсандағы Австралияға ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк

комитеттерi, басқа да орталық және жергiлiктi атқару органдары
iс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнiнде нақты
шаралар қабылдасын.
     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi кемiнде
жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының
орындалу барысы жөнiнде хабарлама жасап отырсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                    Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                    1997 жылғы 28 сәуiрдегi
                                        N 676 қаулысымен
                                           бекiтiлген

          Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы
          желтоқсандағы Австралияға ресми сапары барысында
          қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды
                  жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
                            ЖОСПАРЫ
___________________________________________________________________
NN |              Шаралар               |Мазмұны
р/с|                                    |
___________________________________________________________________
 1 |                   2                |            3
___________________________________________________________________

     Мынадай екiтарапты құжаттарды әзiрлеу:
1.  Қазақстан Республикасының Үкiметi        Алдын ала келiсiлген
    мен Австралия Үкiметi арасындағы         мәтiнге қол қою
    Сауда және экономикалық ынтымақтастық
    туралы келiсiм

2.  Қазақстан Республикасының Үкiметi        Сарапшылардың
    мен Австралия Үкiметi арасындағы         келiссөздерiн өткiзу
    Инвестицияларды көтермелеу және
    өзара қорғау туралы келiсiм

3.  Қазақстан Республикасының Үкiметi        Бұл да сондай
    мен Австралия Үкiметi арасындағы қос
    салық салуды болдырмау туралы келiсiм

4.  Азаматтық және қылмыстық iстер жөнiнде   Жобаны Австралия жағымен
    өзара құқықтық көмек көрсету туралы      талқылау
    шарт

5.  Қазақстан Республикасының Бiлiм және     Бұл да сондай
    мәдениет министрлiгi мен Австралия
    жұмыс, бiлiм және жастар министрлiктерi
    арасындағы бiлiм беру саласындағы
    ынтымақтастық туралы келiсiм

       II. Қазақстан Республикасы мен Австралия Үкiметтерi
           арасындағы Экономикалық және сауда ынтымақтастығы
           туралы келiсiмнiң 8-бабы негiзiнде Бiрлескен
           сауда-экономикалық комиссиясын құру жөнiнде

6.  Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық    Құру
    және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi
    бiрлескен комиссияның қазақстандық
    бөлiгiн құру

        III. Басқа да мәселелер:

7.  Құрылыс саласында ынтымақтастық орнату   Австралия тарабынан
    және жетiлдiру мен жаңғыртуға жататын    бiрге пысықтау
    бiрқатар өндiрiс орындарына
    инвестициялар тарту мүмкiндiктерiн
    айқындау
8.  Австралиялық ауыл шаруашылығы            Бұл да сондай
    технологияларын өндiру мүмкiндiктерiн
    зерттеу

9.  Австралиялық "Мунстоун" компаниясының    Австралия тарабымен
    коммерциялық негiзде "Ақбақай МБК" АҚ    бiрге пысықтау
    акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатып
    алуының мүмкiндiгiн айқындау

10. Аэроғарыштық қызмет саласындағы          Бұл да сондай
    ынтымақтастық туралы шарттарды
    жасасу мүмкiндiктерiн пысықтау

11. Өнеркәсiптiк кешендердi дамытуға         Бұл да сондай
    австралиялық инвестицияларды тарату
    мүмкiндiктерiн айқындау

12. Қоршаған ортаға энергетика, энергия      Австралия тарабымен
    жинау технологиялары мен қайта           бiрге пысықтау
    жаңартылатын энергия жүйелерi
    саласындағы ынтымақтастық
    мүмкiндiктерiн айқындау

13. Австралияның спорт ассоциацияларымен     Бұл да сондай
    байланыстар орнату мүмкiндiктерiн
    айқындау

14. Австралиямен телекоммуникация және       Бұл да сондай
    байланыс саласындағы ынтымақтастық
    нәтижелерiн талқылау

15. Тау-кен өндiрiсi (алтын өндiрiсiн        Австралия тарабымен
    қоса алғанда) өнеркәсiбiнде              бiрге пысықтау
    технологиялар сатып алу және
    өндiрiстi ұйымдастыру мәселелерiн
    талқылау, Қазақстанда инвестициялық
    ахуалды жақсарту және
    инвестицияларды қорғау бағытына
    сәйкес австралиялық "Телстра"
    компаниясының қызметiмен байланысты
    мәселелердi шешу жөнiнде пәрмендi
    шараларды қарастыру және белгiлеу

16. Геологиялық барлауға тiкелей                Бұл да
    инвестицияларды тарту мақсатында
    австралиялық "Вестерн Майнинг 
    Корпорейшн" компаниясының
    инвестициялық ұсынысын қарау 
___________________________________________________________________
N|         Орындалу мерзiмi        |     Орындауға жауаптылар
___________________________________________________________________
1|               4                 |                5
___________________________________________________________________
1.  1997 жылдың II жарты жылдығы      Экономсаудаминi, Сыртқыiсминi
2.  1997 жылдың I жарты жылдығы       Инвестмемком, Қаржыминi,
                                      Әдiлетминi, Сыртқыiсминi

3.  1997 жылдың II жарты жылдығы      Қаржыминi, Әділетминi,
                                      Сыртқыiсминi

4.  -"-                               Әдiлетминi, МТК (келiсiм
                                      бойынша) Iшкiiсминi, Бас
                                      прокуратура (келiсiм бойынша),
                                      Сыртқыiсминi

5.  -"-                               Бiлiм және мәдениетминi,
                                      Әдiлетминi, Сыртқыiсминi

6. 1997 жылдың II жарты жылдығы       Комиссияның қазақстандық
                                      бөлiгiнiң төрағасы

7.  1997 жылдың II жарты жылдығы      Экономсаудаминi, Инвестмемком

8.  -"-                               Ауылшарминi,
                                      "Қазақстан-Австралия"
                                      ассоциациясы

9.  1997 жылдың II жарты жылдығы      Инвестмемком,
                                      "Қазақстан-Австралия"
                                      ассоциациясы

10.  -"-                              Ғылымминi-Ғылым академиясы,
                                      ҰАҒА, Экономсаудаминi,
                                      Инвестмемком

11.  -"-

12.  -"-                              Ғылымминi-Ғылым Академиясы,
                                      Энергетика және табиғи
                                      ресурсминi

13.  -"-                              Бiлiм және мәдениетминi

14. -"-                               Көлiккомминi, Инвестмемком,
                                      "Қазақстан-Австралия"
                                      ассоциациясы

15.  1997 жылдың II тоқсаны           Экономсаудаминi, Инвестмемком,
                                      "Қазақстан-Австралия"
                                      ассоциациясы

16.  -"-                              Инвестмемком,
                                      "Қазақстан-Австралия"
                                      ассоциациясы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады