Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 29 сәуiр N 682. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1792 қаулысымен

 


     "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi туралы"

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 3329



U973329_


  Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi

қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасының Мемлекетiтк кеден комитетi туралы қоса

берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi


                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 29 сәуiрдегi

                                            N 682 қаулысымен

                                             бекiтiлген


                Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi

                       (Мемкеденкомы) туралы ереже


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiн басқаратын, кеден iсiне тiкелей басшылық жасайтын, бiрыңғай мемлекетiтк кеден саясатын жүргiзетiн және осы мақсаттарда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Комитет өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитеттi қаржыландыру республикалық бюджете көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Комитеттiң құрылымы мен адам санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      5. Комитет заңды тұлға болып табылады, оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және атауы қазақ, орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары, жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарда шоттары (оның iшiнде валюталық) болады.
 
      II. Негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
 
      6. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының кеден саясатын жасауға және осы саясатты iске асыруға қатысу;
      өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының аумағында кеден саясатының бiрлiгiн қамтамасыз ету;
      өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн және экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасындағы кеден iсiн ұйымдастыру мен жетiлдiру;
      орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасыныың кеден органдарына жүктелген кеден заңдарының сақтаулын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту басымдығына және Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметке қатысу үшiн қолайлы жағдайлар жасау қажеттiгiне сүйене отырып, шаруашылық қызметтi кедендiк реттеу құралдарын қолдануды ұйымдастыру мен жетiлдiру;
      Қазақстан Республикасының кеден мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысуын қамтамасыз ету;
      7. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес;
      Қазақстан Республикасының кеден саясатын жетiлдiру туралы ұсыныстар даярлайды;
      Қазақстан Республикасының кеден саясатын жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық тетiктерiн жасайды, оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасындағы кеден iсiн дамыту бағдарламаларын жасайды және жүзеге асырады;
      кеден iсiн туралы заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын белгiленген тәртiппен әзiрлеуге қатысады;
      Қазақстан Республикасының экономика, экспортты көтермелеу мен шетелдiк инвестицияларды тарту саласында әлемдiк қоғамдастықпен қарым-қатынастарын реттеу тетiгiн жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлеуге қатысады;
      алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген кеден баждары мен салықтарының ставкалары мен оларды қолдану тетiгi туралы ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзедi;
      лицензиялауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын әзiрлеуге қатысады;
      тауарлардың кедендiк құнын дұрыс айқындауға бақылау жасау жүйесiн ұйымдастырады;
      алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген кеден баждары мен салықтарының республикалық бюджетке уақтылы және толық енгiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құраларын өткiзу кезiнде кеден режимдерiн тиiмдi пайдалануды қамтамасы етедi;
      заңдарда белгiленген тәртiппен кеден делдалдары мен мамандарына лицензиялар, бiлiктiлiк аттестаттарын бередi;
      тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк бақылаудың және оларды ресiмдеудiң жүзеге асырылуын ұйымдастырады, оларды жетiлдiру шараларын қабылдайды;
      өз бетiнше және құқық қорғау органдарымен өзара бiрлесiп кедендiк бақылау аймағы режимiн сақтауға бақылауды қамтамасыз етедi, кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн қорғау жүйесiн ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының кеден шекарасын күзету жөнiндегi басқа да шараларды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудiң рұқсат ету тәртiбiн жасауға және оны орындауға қатысады;
      Қазақстан Республикасы үшiн стратегиялық және басқа да аса маңызды материалдардың, сондай-ақ мәдени құндылықтардың шетке әкетiлуiне экспорттық бақылау жасайды;
      өз құзыретi шегiнде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының мемлекеттiк қауiпсiздiктi, табиғи ортаны, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау, республикаға әкелiнетiн тауарларды тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз етедi;
      контрабандаға және кеден iсi саласындағы өзге де қылмыстарға қарсы күрес жүргiзудi ұйымдастырады;
      кеден ережелерiн бұзушылықпен байланысты жұмысты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының халықаралық терроризмге қарсы күрес жүргiзу қызметiн ұйымдастырады және Қазақстан Республикасынң әуежайларында халықаралық азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласуға жол бермеуге жәрдемдеседi;
      контрабанда туралы және өзге де қылмыстар туралы кеден iстерi бойынша iс жүргiзу кезiнде жедел iздестiру қызметiн жүргiзуде, кеден ережесiн бұзушылық туралы iс жүргiзiлген және оларды қараған кезде Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының заңды сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнайы кеден статистикасын жүргiзудi ұйымдастырады;
      Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзедi;
      өз қызметiнiң шегiнде шағымдар мен өтiнiштердiң дер кезiнде әрi объективтi қаралуын қамтамасыз етедi, азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасау себептерiн жою бойынша шаралар қабылдайды;
      Қазақстан Республикасындағы кеден iсiнiң жай-күйi мен оны дамыту бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзедi;
      Қазақстан Республикасының кеден iсi мәселелерi бойынша халықаралық шарттардың жобаларын әзiрлеуге қатысады, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды жасасу жөнiнде келiссөздер жүргiзедi, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      кеден iсi мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;
      Қазақстан Республикасының кеден iсiне қатысты халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттердегi келен iсi туралы заңдардың қолданылу тәжiрибесiн, оның iшiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорытындылайды және талдайды;
      кеден органдары лауазымды адамдарын даярлауды, қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруда, кеден лабораторияларында, басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарда жұмыс iстеу үшiн мамандарды даярлауды қамтамасыз етедi, ведомстволық бағынысты оқу орындарына арналған оқу бағдарламаларын бекiтедi;
      мемлекеттiк органдар, ұйымдар үшiн кеден iсi саласында мамандарды оқыту жүйесiн ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден басқармаларын, кедендердi, кеден постарын, кеден лабораторияларын және қызметi Қазақстан Республикасы кеден органдарының мiндеттерiн шешуге жәрдемдесетiн құрылыс-пайдалану және өзге де кәсiпорындар мен ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
      өз жүйесiнде ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, оқу орындарының жұмыс iстеуiн қамтамасзы етедi;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесiнiң мүлкiн басқаруды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының автоматтандырылған бiрыңғай жүйесiн құруды, оның жұмыс iстеуiн және жетiлдiрудi қамтамасыз етедi;
      кеден органдары жүйесiнiң материалдық-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытады;
      кеден органдары лауазымды адамдарын құқықтық жән әлеуметтiк жағынан қорғау шараларын жүзеге асыруға жәрдемдеседi;
      билiгiнде теңiз, өзен және әуе кемелерiн ұстай алады;
      Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген басқа да функцияларды атқарады.
      8. Комитеттiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде:
      өз құзыретi шегiнде кеден режимдерiн құқықтын реттеудiң ерекшелiктерiн айқындауға;
      тауарлар мен көлiк құралдарын еркiн кеден аймақтарына және еркiн қоймаларға әкелу мен әкетудiң не оларды кеден қоймаларына орналастырудың тәртiбiн белгiлеуге;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуiнiң оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiбiн белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      мемлекеттiк органдардан, меншiк және бағыныс нысандарына қарамастан, ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен баспа қызметiн жүзеге асыруға;
      белгiленген тәртiппен өнiмдерге (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) мемлекеттiк тапсырыс берушiнiң функциясын орындауға;
      кеден iсi мәселелерi бойынша үйлестiрушi сараптама кеңестерi мен жұмыс топтарын құруға;
      өз құзiретi шегiнде мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ азаматтармен Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегi лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасауға;
      байланыс пен деректердi берудiң ведомстволық жүйесiн ұстауға;
      ведомстволық бағынысты ұйымдардың ережелерi мен жарғыларын бекiтуге, олардың басшыларын тағайындауға, осы ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiне тексерiс пен тексеру жүргiзуге;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтық өкiлеттiлiктердi жүзеге асыруға құқылы.
 
      III. Қызметтi ұйымдастыру
 
      9. Комитет Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi.
      10. Комитет Қазақстан Республикасының кеден мекемелерiнiң, кеден лабораториялары мен басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегi кеден өкiлдiктерiнiң қызметiне басшылық жасайды.
      11. Комитеттiң орталық аппараты оның қызметiн қамтамасыз ететiн департаменттер мен құрылымдық бөлiмшелерден тұрады.
      12. Комитеттi Төраға басқарады.
      Комитет Төрағасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Комитет Төрағасының Төрағаның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      Комитет Төрағасы:
      Комитетке жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн дербес жауап бередi;
      Комитеттi бiлдiредi және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимылды қамтамасыз етедi;
      Комитет құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады, құқықтық актiлерге қол қояды (бекiтедi), олардың орындалуына тексерудi ұйымдастырады;
       өз құзыретiнiң шегiнде Комитет қызметкерлерiн, облыстар бойынша кеден басқармаларының, кедендердiң, кеден постарының басшы қызметкерiн, кеден лабораториялары мен басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын заңдарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      Қазақстан Республикасының ведомстволық бағынысты кеден органдарына ұйымдық, кадр, қаржы және өзге де мәселелердi өз бетiнше шешу жөнiнде құқықтық өкiлеттiлiктердi белгiлейдi;
      заңды тұлға болып табылмайтын департаменттер, комитеттiң өзге де құрылымдыө бөлiмшелерi, облыстар бойынша кеден басқармалары, кедендер мен кеден постары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелердi бекiтедi;
      кеден органдары құрылымының, қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген саны мен еңбекақы төлеу қорының шегiнде Комитеттiң штаттық кестелерiн, кеден басқармаларының, кедендердiң құрылымын, басқармалар мен кедендердiң құрылымын, адам саны мен еңбекақы төлеу қорын бекiтедi;
      өз құзыретi шегiнде кеден органдарының лауазымды адамдарына дербес атақтар бередi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кеден органдарының лауазымды адамдарына жоғарғы басшы құрамның дербес атақтарын беру туралы ұсыныстарды енгiзедi;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айрықша көзге түскен қызметкерлердi Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарын беруге және мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға ұсынады;
      кеден органдарының қызметкерлерiне, кеден лабораториялары мен басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына Қазақстан Ресубликасының заңдарында белгiленген тәртiптiк ықпал ету шараларын толық көлемде қолданады;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады және өзге де құқықтарды пайдаланады.
      Комитет Төрағасы өзiне берiлген кейбiр өкiлеттiктердi бағынысты лауазымды адамдарына беруге құқылы.
      13. Комитет құрамында Комитет Төрағасы (алқа Төрағасы), төраға

 

орынбасары, және басқа да лауазымды адамдар бар алқа құрылады.

     Алқаның сандық құрамын Үкiмет бекiтедi.

     Алқаның жеке құрамын Төраға бекiтедi.

     Комитет алқасы Комитет Төрағасы бекiтетiн Алқа туралы ереженiң

негiзiнде жұмыс iстедi.

     14. Комитет өз құзыретiнiң шегiнде кеден iсi бойынша Қазақстан

Республикасының бүкiл аумағында қолданылатын және Қазақстан

Республикасының барлық мемлекеттiк органдарының, меншiк нысаны мен

бағыныстылығына қарамастан, барлық ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды

адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк актiлер

шығарады.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады