Ақмола және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 8 мамырдағы N 809

      Ақмола және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне қолдау көрсету, оларды жанар-жағар және басқа да материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету және "Росконтракт" ашық акционерлiк қоғамы - стратегиялық инвестормен өзара қарым-қатынасты реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Росконтракт" ашық акционерлiк қоғамының, Ақмола және Қостанай облыстары әкiмдерiнiң Ақмола облысының Державин, Жақсы, Есiл және Қима аудандары мен Қостанай облысының Октябрь ауданының шаруашылықтарын дамыту жөнiндегi инвестициялық бағдарламаларды 1997 жылғы астық өсiрудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi көлемде қаржыландыруды жалғастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Ақмола және Қостанай облыстарының әкiмдерi он күндiк мерзiм iшiнде "Росконтракт" ашық акционерлiк қоғамымен 1997 жылғы қаражатты инвестициялау мөлшерi мен тәртiбi туралы мәселенi пысықтасын және шешсiн.
      3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы бiр ай мерзiм iшiнде оның шаруашылықтарға үстiмiздегi жылдың көктемгi дала жұмыстарына мұнай өнiмдерiн, қосалқы бөлшектер, техникалар, басқа да материалдық-техникалық және қаржы ресурстарын уақытында бергенiн ескере отырып, "Росконтракт" ашық акционерлiк қоғамымен 1997 жылдың астығын несиелендiруге арналған шарттың болуы және оның орындалуы талабымен, мемлекеттiк резервтi азайтудың есебiнен Ақмола және Қостанай облыстарының жоғарыда көрсетiлген аудандарының элеваторларындағы облыс шаруашылықтары мемлекеттiк ресурсқа құйған 100 мың тонна бидайды "Росконтракт" ашық акционерлiк қоғамына қайта ресiмдесiн.
      Ақмола және Қостанай облыстарының әкiмдерi 1997 жылдың егiсiнен 100 мың тонна астықты мемлекеттiк резервке қайтаруды қамтамасыз етсiн.
      Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ж.С.Кәрiбжановқа жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады