Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң, Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерiмен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiлген:
а) мына бiлiм және мәдениет мекемелерiне:
Ақмола облысы бойынша
Есiл ауданындағы N 145 орта мектепке - Таулы Қарабақта бiтiмгерлiк миссиясы құрамында мемлекеттiк тапсырманы орындау кезiнде қайтыс болған, Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрiнiң бұрынғы орынбасары Сайлау Серiковтың;
Алматы облысы бойынша
Қапал ауданының Арасан селосындағы орта мектепке - Қазақстан Республикасының көрнектi заңгер-ғалымы, ағартушы - Барлыбек Сырттановтың;
Қапал ауданының Қапал селосындағы N 2 орта мектепке - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген артисi, белгiлi театр және кино актерi Есболған Жайсаңбаевтың;
Панфилов ауданының Жаскент селосындағы мектеп-гимназияға - екi
мәрте Социалистiк Еңбек Ерi, колхоз өндiрiсiнiң iрi ұйымдастырушысы Николай Головацкийдiң; Атырау облысы бойынша Атырау қаласындағы N 8 орта мектепке - белгiлi мемлекет қайраткерi Өтешқали Атамбаевтың; Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазталов ауданындағы Қараоба эстетикалық бейiндегi гимназияға - ақын, ағартушы, философ Ғұмар Қараштың; Батыс Қазақстан облыстық филармониясына - халық артисi, композитор Ғарифолла Құрманғалиевтың; Қостанай облысы бойынша Жангелдин ауданындағы Қалам-Қарасу орта мектебiне - белгiлi ақын Ғафу Қайырбековтiң; Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласындағы N 144 орта мектепке - белгiлi журналист, жазушы Сақтапберген Әлжiковтың; Маңғыстау облысы бойынша Маңғыстау ауданының Шетпе селосындағы орта мектепке - ғалым, педагог Мекерия Атымұлының; Павлодар облысы бойынша
Лебяжi ауданындағы Қызыл әскер орта мектебiне - белгiлi педагог, оқу-ағарту iсiнiң ұйымдастырушысы Сәдуақас Сатыбалдиннiң;
Павлодар қаласындағы N 4 балалар музыка мектебiне - Қазақстан Республикасының халық артисi Суат Әбусейiтовтың;
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Сайрам ауданындағы N 82 орталау мектепке - жауынгер-интернационалист Бахадыр Нәметовтың;
Түркiстан ауданындағы Бiрлiк орта мектебiне - Социалистiк Еңбек Ерi Ергеш Изатуллаевтың;
Мақтаарал ауданындағы Талапты орта мектебiне - белгiлi ақын Сабырхан Асановтың;
Мақтаарал ауданындағы Бiрiншi мамыр орталау мектебiне - көрнектi педагог және Қазақстанның ағарту iсiнiң ұйымдастырушысы Ябек Есенбековтың;
Алматы қаласы бойынша
Медеу ауданындағы N 1 балалар көркем-сурет мектебiне - Қазақстан
Республикасының халық суретшiсi Әбiлхан Қастеевтiң; Алатау ауданындағы N 123 қазақ орта мектебiне - ғалым-ойшыл Қожа Ахмет Яссауидiң; Алмалы ауданындағы N 136 қазақ орта мектебiне - қоғам қайраткерi, ақын, журналист Мiржақып Дулатовтың; N 2 республикалық спорт колледжiне - Қазақстан спортының көрнектi ұйымдастырушысы Кәркен Ахметовтың есiмдерiн беру туралы; б) мына бiлiм және мәдениет мекемелерiн: Алматы облысы бойынша Шелек ауданының Калинин атындағы орта мектебiн - ұйғыр халқының қоғам қайраткерi, педагог, ауыл шаруашылығының ұйымдастырушысы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Әбiт Саттаров атындағы орта мектеп; Атырау облысы бойынша Құрманғазы ауданының Киров атындағы орталау мектебiн - Азғыр орталау мектебi;
Қызылқоға ауданының Н.Крупская атындағы орта мектептi - ғалым,
қоғам қайраткерi Халел Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп; Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша облыстық мемлекеттiк архивтiң Преснов филиалын - Мамлют филиалы; Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Сайрам ауданының Чкалов атындағы орталау мектебiн - Сансызбай Бекбосынов атындағы орталау мектеп; Арыс қаласының Пушкин атындағы орта мектебiн - Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектеп; Алматы қаласы бойынша "Искра" кинотеатрын - Жамбыл Жабаев атындағы кинотеатр деп қайта атау туралы ұсыныстары қабылдансын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi