Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының қызметке алғаш рет түскен адамдары мен қызметкерлерiн кәсiби даярлау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 16 мамырдағы N 847

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кадрларын iрiктеу, зерделеу және даярлау жөнiндегi жұмысты жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi iстер органдарының қатардағы, кiшi және орта басшы құрамын кәсiби даярлаудың қазiргi бар мектебiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң училищесi етiп құру, оған iшкi iстер органдарының жеке құрамын, қатардағы, кiшi және орта басшы құрамын қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн көтерудiң алғашқы даярлығының мiндеттерiн жүктеу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы" Ереженiң 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Iшкi iстер органдарына қатардағы, кiшi және орта басшы құрам қызметiне алғаш рет түскен адамдар кадрға есепке алынғанға дейiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң училищелерiнде алғашқы даярлықтан өтуi тиiс.
      Аталған училищелерде алғашқы даярлықтар өтудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайды.
      3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi:
      облыстық және қалалық iшкi iстер басқармаларымен бiрлесiп, училищелердiң оқу базасын нығайту, оқу процесiн ұйымдастыру үшiн қажеттi материалдық-техникалық құралдармен жабдықтауға шаралар қолдансын;

 

     жыл сайын жергiлiктi бюджетте iшкi iстер органдарына жергiлiктi

бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын лауазымдар бойынша жұмысқа жiберу

бойынша шығыстар көздесiн;

     облыс аумағында орналасқан училищенiң штаттық санын ұстауға

қаражат бөлудi, сондай-ақ училищелердiң жұмыс iстеуiне байланысты

өзге де шығыстарды қамтамасыз етсiн.

     4. Құпия.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады