Алкогольдi өнiм өндiру мен оның айналымын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етушi органдардың өзара iс-қимылының және осы саладағы құқық бұзушылықтардың жолын кесудің ережесін бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 26 мамырдағы N 882.

      ЕСКЕРТУ. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді – ҚР Ү-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында этил спиртiн және алкогольдi өнiм өндiрудi, импорттауды және сатуды тәртiпке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 ақпандағы N 217 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 7, 52-құжат) 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      Қоса берiлiп отырған Алкогольдi өнiм өндiру мен оның айналымынбақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етушi органдардың өзараiс-қимылының және осы саладағы құқық бұзушылықтардың жолын кесудiңережесі бекiтiлсiн.

      ЕСКЕРТУ. 2-абзацқа өзгеріс енгізілді – ҚР Ү-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрi

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 26 мамырдағы
N 882 қаулысымен
бекiтiлген

Алкогольдi өнiм өндiру мен оның айналымын
бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етушi
органдардың өзара iс-қимылының және осы
саладағы құқық бұзушылықтардың жолын кесудiң
ережесі

      ЕСКЕРТУ. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді – ҚР Ү-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

      1. Осы ереже заңдарға, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне сәйкес алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымын бақылауды жүзеге асырушы органдардың (бұдан әрi - бақылаушы орган) өзара iс-қимылын және осы саладағы құқық бұзушылықтарды уақытында анықтауды және оның жолын кесудi айқындайды.

      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді ҚР Ү-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiнiң, Салық полициясы комитетiнiң, Кеден комитетiнiң, Салық комитетiнiң органдары, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң органдары, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлiгiнiң органдары, Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң органдары, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аталған Ереженiң талаптары қолданылатын бақылаушы органдар болып табылады.

      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ү-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

      3. Бақылаушы органдар:

      барлық қатысушылардың алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымына байланысты мәселелердi шешу кезiндегi теңдiгi принципiнiң;

      әрбiр органның бiрлескен шешiмдердi орындау мен шараларды жүргiзу кезiндегi оған Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өкiлеттiктердiң шегiндегi дербестiгiнiң;

      әрбiр органның бiрлескен шешiмдердi орындауы үшiн, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өкiлеттiктердiң шегiндегi жауаптылығының негiзiнде өзара iс-қимыл жасайды.

      4. Бақылаушы органдардың өзара iс-қимылы мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:

      осы органдар басшыларының кеңесiн өткiзу;

      алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымын бақылау мәселелерi жөнiнде ақпарат алмасу;

      тәртiп бұзуларды анықтау жөнiндегi жұмыстардың оң тәжiрибелерiн зерделеу мен тарату;

      алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау жөнiнде мақсатты бiрлескен шаралар жүргiзу;

      бiрлескен семинарлар, конференциялар өткiзу жолымен қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға арналған мүмкiндiктердi өзара пайдалану;

      алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және оны бақылау жөнiндегi қызмет процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде өзара көмек көрсету;

      келiсiлген бiрлескен шараларды әзiрлеу және бекiту.

      5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымы кезiнде құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында алкогольдi өнiмдердi өндiруге берiлген лицензиялардың тiзiлiмiн, оларға өзгерiстер мен толықтыруларды, сондай-ақ алкогольдi өнiмдердi өндiруге арналған тоқтатыла тұрған лицензиялардың және этилдi спирт пен алкогольдi өнiмдердi өндiру және олардың айналымы декларациясының тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне, Мемлекеттiк кіріс министрлігінің Салық полициясы комитетiне, Қаржы министрлiгiне, Мемлекеттiк кіріс министрлігінің Кеден комитетiне жолдайды.

      ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ү-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

      6. Жергiлiктi жерлердегi сауданы басқару органдары алкогольдi өнiмдердi акциздi маркасыз, сәйкестiлiк сертификатынсыз және қолданылып жүрген заңдармен регламенттелетiн басқа құжаттарсыз, сондай-ақ белгіленбеген орындарда сату фактiлерiн байқаған кезде өзiнiң құзыретiнiң шегiнде шаралар қолданады және осы тәртiп бұзушылықтар туралы бақылаушы органдарға ақпарат жолдайды.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары заңдарда көзделген жағдайларда шикiзаттың барлық түрiнен дайындалған этил спиртiн, сондай-ақ алкогольдi өнiмдердi, шарап материалдары мен осы өнiмнiң жартылай фабрикаттарын өндiру құқығына арналған лицензияларды қайтып алу немесе оның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды.

      ЕСКЕРТУ. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚРҮ-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен салық қызметтерi салық төлеушiлерге тексеру жүргiзу кезiнде Алкогольдi өнiмдердi акциздi маркалармен таңбалау тәртiбiнiң бұзылуы фактiлерi анықталған жағдайларда, заңдарда белгiленген шараларды қолдану үшiн оларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті жергiлiктi жерлердегi сауданы басқару органдарына жолдайтын жеке актiлермен ресiмдейдi. Шетелде өндiрiлген тауарлар бойынша осы тәртiп бұзушылықтар туралы мәлiметтi қарау және тиiстi шара қолдану үшiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кіріс министрлігі Кеден комитетiнiң органдарына жолдайды.

      ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ү-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

      8. Кеден органдары импортталатын алкогольдi өнiмдердiң айналымына бақылауды жүзеге асыратын тиiстi органнан ақпарат түскен кезде:

      белгiленген тәртiппен акциздiк алым маркаларымен таңбаланған, ұсталған алкогольдi өнiмдердi орналастыру үшiн уақытша сақтау қоймаларын айқындайды;

      қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен осы өнiмдердi алу және төленбеген кеден төлемдерi мен салықтарын өндiрiп алу жөнiнде шаралар қабылдайды.

      9. Алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымын бақылауды қамтамасыз етушi органдар тексерулер процесiнде салықтық тәртiп бұзушылықтардың белгiлерiн аңғарған жағдайда, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиiстi шаралар қолдануы үшiн кеден қызметi және салық полициясы органдарына тиiстi материалдар жолдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады