Республикалық бюджетке "Мерхав" фирмасының жобасы бойынша түпкi займшылардың берешегiн қайтару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 28 мамырдағы N 896

      Қазақстан Республикасының "Мерхав" израиль фирмасына ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру бойынша берiлген құрал-жабдықтар мен техникаға төленген қаражатты республикалық бюджетке қайтару және төлемдердiң мерзiмiн кейiнге қалдыруға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылдың 12 ақпанындағы N 2 толықтыруға, 1993 жылдың 17 мамырдағы Несие келiсiмiне сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi мен "Hapolim" (Израиль) банкi арасындағы қол қойылған және 1995 жылдың 20 маусымында N Ф 22-3/9 Қазақстан Республикасының берген мемлекеттiк кепiлдiгiмен "Hapolim" (Израиль) банкiнiң ұсынған шоттарының негiзiнде сыртқы борышты өтеудi жүргiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң аумақтық органдарына сәйкес, "Мерхав" фирмасы берген технология мен құрал жабдықтардың тiзбесi мен 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi уақытта көрсетiлген технология және құрал-жабдықтарды саудаластық (аукцион) өткiзу жолымен қамтамасыз етудi қабылдағандар көрсетiлiп, одан түскен қаражат республикалық бюджетке бағытталып акт бойынша берiлсiн.
      3. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi "Мерхав" фирмасының израильдық технологиясы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру жобаларын жүзеге асыру және қайта өңдеу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 маусымдағы N 503 P930503_ қаулысының 4-тармағына орай "Мерхав" фирмасымен келiсiм-шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген жергiлiктi бюджеттерде республикалық бюджет алдындағы кестеге сәйкес түскен сомаларды шегере отырып берешектi

өтеуге 2001 жылдан бастап шығыстар көздесiн. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.14. N 1391          
              қаулысымен.  

P001391_

   
     4. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасарына жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады