Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бюджеттiк ұйымдарға (мекемелерге) құқықтық мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету үшiн жеке және заңды тұлғаларды тарту тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 маусым N 923. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.01.21. N 26 қаулысымен. ~P980026

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бюджеттiк ұйымдарға (мекемелерге) құқықтық мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету үшiн жеке және заңды тұлғаларды тарту тәжiрибесiн тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бюджеттiк ұйымдарға (мекемелерге) құқықтық мәселелер бойынша консультациялық қызмет беру үшiн, егер мұндай қызмет көрсетуге бюджет қаражатынан төленсе және оның құны 10 (он) мың АҚШ долларына баламды сомадан асып кеткен жағдайда жеке және заңды тұлғалар конкурстық негiзде тартылады деп белгiленсiн. Конкурс жеңiмпазы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсеткенiне Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк

ұйымдарымен (мекемелерiмен) шарт (келiсiм-шарттар) жасау құқығын
алады.
     2. Құқықтық мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың
консультациялық қызмет көрсетуiне конкурстар өткiзудiң тәртiбi мен
шарттарын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейдi деп
айқындасын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады