"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының өзгертiлуiне байланысты кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3523 N973523_ өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433
қаулысымен. P991433_
2. "Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгiлiк құрылымы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi, қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң саны, еңбекақы қоры және қызметтiк iссапарларға арналған шығындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1742 P961742_ қаулысына:
аталған қаулыға 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың және Алматы қаласы әкiмдерiнiң дербес атқарушы
органдарының үлгi тiзбесi";
аталған қаулыға 2-қосымшаның ескертпесi мынадай мазмұндағы
екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын органдардың тiзбесiне
өзгерiстердi облыстардың және Алматы қаласы әкiмдерiнiң қарауы
бойынша 1997 жылдың аяғына дейiн енгiзуге болады";
аталған қаулыға 3-6 қосымшалар 3-6 қосымшаларға сәйкес жаңа
редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
КӨШIРМЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 5 маусымдағы
N 930 қаулысына
1-қосымша
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық
атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң
шектi саны
_______________________________________________________________
Орталық атқарушы органдары Адам саны
аумақтық бөлiмшелерiнiң атаулары
_______________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
Жылжымайтын мүлiктердi тiркеу жөнiндегi
қызметтi қоса алғанда, облыстық, қалалық
басқармалары 730*
___________________________________________
Ескерту:
Саны жылжымайтын мүлiктердi тiркеу
жөнiндегi қызметтi ескере отырып
келтiрiлдi
КӨШIРМЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 5 маусымдағы
N 930 қаулысына
2-қосымша
Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және
республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын өзге де
орталық және жергiлiктi атқарушы органдары аумақтық
бөлiмшелерiнiң қызметтiк жеңiл автомобильдер санының
ЛИМИТI
_______________________________________________________________
Атаулары Автомобильдер саны
_______________________________________________________________
Әдiлет мекемелерi: 383
облыстардың, Алматы қалалық соттары 55
аудандық (қалалық) соттар 293
Әдiлет басқармалары 35