Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 12 маусымдағы N 957

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ТМД Сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауарлық номенклатурасы туралы үкiметаралық келiсiмдерiн жүзеге асыру және тауарлардың кодтары мен сипаттамаларын оның жаңа редакциясына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Акцизделетiн тауарларды жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына P961749_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 518-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

 

     7-тармақтың төртiншi абзацындағы "2206" деген сан "2206 00"

деген санмен ауыстырылсын;

     аталған қаулының 2-шi қосымшасының:

     "Шараптар, шампан шараптары" деген жолындағы "2206" деген сан"

2206 00" деген санмен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы 1997 жылдың 15 маусымынан бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады